Добавить новость
Новости по-русски


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

«Нені тыңдау керегін біз шешеміз»

Бүгінде қазақ музыкасы прайм кезеңін бастан өткеріп жатыр. Әндердің тақырыбы мен жанр аясы кеңейіп, елдегі дағдарыс оқиғалары мен әлеуметтік мәселелерді батыл көтеретін туындылар көбейді. Орындаушылар да халықаралық сахналардан жиі көріне бастады. Мәселен, жуырда әнші Yenlik әлемге танымал COLORS платформасында өнер көрсетіп, бұл жобаға қатысқан алғашқы қазақстандық орындаушы атанды.

Алайда креатив индустрияны қолдау туралы мемлекеттік саясат жарияланғанымен, сала дамыған сайын әртістерге қойылатын шектеулер де көбейіп келеді. 20 сәуірден бастап отандық және шетелдік орындаушылардың концерттері жаңа талаптар бойынша өтпек. Енді іс-шараларды өткізу туралы келісімшарттарда әртістердің міндеттемелерін, соның ішінде репертуарға қойылатын талаптарды бекіту жоспарланып отыр.

«Власть» музыка индустриясының өкілдерімен, концерт ұйымдастырушыларымен сөйлесіп, мұндай шаралардың шығармашылық еркіндікке және музыка саласының дамуына қалай әсер ететінін сұрады.

Қандай өзгерістер енгізілді?

18 ақпан күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне креативті индустрияларды қолдау және дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.

Басты өзгерістің бірі мәдени-бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыру тәртібіне қатысты. Креатив индустрияны қолдауға арналған заңда іс жүзінде қосымша шектеулер де бекітіліп отыр.

Журналистерге берген сұхбатында мәдениет және ақпарат вице-министрі Евгений Кочетов билік әртістерге заңға қайшы деп бағалануы мүмкін музыкалық шығармаларды орындамауды ұсынғалы отырғанын айтты.

Бұл нормалар «Мәдениет туралы» заңның 9-1-бабының 5-тармақшасында көрсетілген. Онда «жалпыға бірдей қабылданған мораль мен имандылық нормаларына қайшы келетін контент» секілді түрліше түсіндіруге жол ашатын ауқымды тыйымдар тізімі қамтылған.

Тыйым салынған контент тізіміне енді «бас ұруды, өз-өзіне қол жұмсау, порнография және есірткі заттарын насихаттайтын» материалдар да енгізілді.

«Әртіс шығармашылығында әлдебір тыйым салынған тақырып болса, ол Қазақстанда өнер көрсете алмай ма?» деген сұраққа Кочетов қысқа жауап берді: «Біз бұл музыка туындыларын орындамауды ұсынамыз».

Мұндай белгілер шетел әртістері айтатын әннің сөздерінде, пьесаларында, комедия монологтарында, концерт бағдарламасында немесе концерт және театр іс-шаралардың сценариінде анықталса, Қазақстанда оларға іс-шара өткізуге тыйым салынады не оларды өткізу тоқтатыла тұрады. 

Фото Robbie Williams парақшасынан алынды, ол 2025 жылы Алматыда Park Live Almaty алаңында өнер көрсетті.

Сонымен қатар ұйымдастырушылар шетелдік шығармашыл топтар мен әртістер қатысатын іс-шараларды өткізу үшін кемінде 30 жұмыс күні бұрын жергілікті атқарушы органдармен келісуге міндетті.

«Біз мұны дұрыс әрі қисынды деп ойлаймыз», — деді вице-министр.

«Ендеше рэп баяғыдай андер болады»

«Власть» сұхбаттасқан музыка индустриясының өкілдері жаңа шешімдер барлық саланың болашағына кесірін тигізеді деп қауіптенеді. Олардың пікірінше, мазмұнды реттеуге байланысты кез келген шектеу шығармашылық процеске кедергі келтірмей қоймайды.

õzen медиакомпаниясының негізін қалаған Айзатулла Хуссейн Қазақстан музыкасы қазіргі қазақ музыкасының қарыштап дамуын оның «шынайылығымен және шектеудің болмауымен» байланыстырады. Сондықтан мемлекет тарапынан шығармашылыққа бақылаудың күшеюін индустрия өкілдері қауіп деп қабылдайды.

«Мәселе мынада: көркем бейне (айталық, рэп мәтінінде ащы шындықты суреттеу) мен «пропаганда» арасындағы шекара тым сезімтал болуы мүмкін. Цензура мәселесін тек «кабинеттегі» шенеуніктер шешетін болса, бұл мемлекет пен жастар мәдениетінің арасын мүлдем алшақтатып жібереді», — дейді ол.

Айзатулла Хуссейн, Instagram парақшасынан алынды

Айзатулланың ойынша, шектеу мәселесі тек теледидар мен радио сияқты бәріне ортақ ақпарат құралдарына қатысты болуға тиіс. «Контент кез келген тыңдарманға не балаға қолжетімді жерде белгілі бір ережелердің болғаны қисынды», — дейді ол.

Алайда, оның айтуынша, концерттерге шектеу қою әртіспен қоса көрерменнің де азаматтық құқығына нұқсан келтіреді. 

«Мемлекет «18+» таңбасы бар концертте әлдебір әнді айтуға тыйым салған кезде, ол ересек, есі түзу адамға нені тыңдау керегін біз білеміз, біз шешеміз деп нұсқаумен бірдей. Бұл – адамның мәдени контентті таңдау құқығына тікелей қол сұғу», — деп есептейді креатив продюсер.

«Qazaq eline +1» әнімен танылған «Daiynball» хип-хоп тобы тыйым тек сахнада өнер көрсетуге қатысты ма, әлде музыка платформаларына шығатын әндердің мазмұнына әсер ете ме, әлі де түсініксіз болып отырғанын айтады.

«Барлығы шектеу қаншалықты қатал немесе жұмсақ сипатта болуына байланысты. Бұл тек ауқымды іс-шаралар мен фестивальдерді қамти ма, әлде өнер көрсетудің барлық түріне, мәселен, барлардағы шағын аудиторияға арналған концерттерге де қатысты бола ма, мәселе осында. Не болса да, біз мұндай шектеулердің шығармашылық еркіндікке кесірін тигізетініне сенімдіміз», — деп жауап берді топ мүшелері.

Daiynball тобы, фото авторы: Ақбота Узбекбай

Топ Қанды Қаңтар оқиғасына рефлексия жасайтын «Qazaq eline +1» әні шектеуге ілініп кетеді деп қауіптенеді. Ал басқа туындылар мен алдағы шығармашылық жоспарларға келсек, шектеу талаптарының нақты түсіндірмесі әлі жоқ.

Топ өкілдері мәтіндегі кейбір метафоралар мен көркем бейнелерді әдепке жат қылықтарды немесе автордың әрекетін пропаганда деп пайымдау қиын емес деп санайды. 

Соған қарамастан, топ шектеулерге қарамай туындыларын жазып, орындай беруді жоспарлап отыр: «Әйтпесе шығармашылықтың қандай мәні бар? Ендеше рэп баяғыдай андерграунд болады».

«Бұл шектеулер басқа салаларда да жалғасын табуы мүмкін. Өнерге тұсау салудан жақсылық күту қиын. Егер бұл тыйымдар ұзаққа созылып, қатаң бақылау орнатылса, қазақстандық әртістер халықаралық бәсекеде шетелдік әріптестерінен қалып қояды. Әлемдік деңгейге шығу жолында көш бастау былай тұрсын, кері шегінуге мәжбүр болады», — деп болжайды топ мүшелері.

Рэпер Shiza-ның менеджері Георгий Каракешишян мен концерт директоры Еркін Ерәлі енді әр туындының айтар ойына, бейнелер мен ондағы теңеулерге жіті мән беруге тура келетінін айтады.

«Бұл жауапкершілігімізді арттырып, заңнаманы әлдеқайда жетік білуді талап етеді. Десек те, жаңа талаптарды кәсіби өмірдің бір бөлігі деп қабылдап, стиліміз бен ұстанымымыздан айнымай, бейімделуге тырысып жатырмыз», — дейді олал.

Олардың пікірінше, көп нәрсе контекстке байланысты, сондықтан кейде шекаралар тым сезімтал болуы мүмкін. Алайда әртістің әндерінен расымен де заңға қайшы тұстар табылса, команда мәтінді өңдеуді, әннің балама нұсқасын шығаруды немесе даулы туындыны көпшілік алдында орындаудан бас тартуды қарастырмақ.

Shiza, фото: 98mag.kz

«Өнер шындықты барынша өткір, кейде тіпті арандату формасында бейнелейді. Шығармашылық еркіндік пен заң талаптарының арасы тең әрі әділ болуы аса маңызды. Сонда өнер ортасы өз болмысынан, тереңдігінен айрылмай дами береді», — дейді әншінің менеджері.

Айзатулла Хуссейннің айтуынша, биліктің әртісті шектеуге тырысқан кез келген әрекеті көбіне керісінше әсер етіп, ең үздік жарнамаға айналады. Мәселен, 1989 жылы АҚШ-та Федералдық тергеу бюросы (ФТБ) N.W.A тобының әндеріне наразы болып, хат жолдаған болатын. Сол кезде ведомство қызметкері топтың бір әні құқық қорғау органдарына қатысты «зорлық-зомбылықты насихаттайды» деп есептеген. Алайда бұл шектеулер ұжымның танымалдығын одан әрі арттыруға ықпал етті. 

«Шығармашылық еркіндік — қазір бәрі айтып жүрген креатив экономиканы дамытудың негізгі іргетасы. Ең бастысы, бұл шаралар жақпайтын пікірлерді тұншықтырудың құралына айналып кетпеуі керек», — дейді ол.

«Власть» басылымы пікірін сұрау үшін хабарласқан басқа әртістер түрлі себептермен жауап беруден бас тартты. Сондай-ақ ірі концерт ұйымдары, соның ішінде шетел өнерпаздарын шақыратын агенттіктер де мақала жарияланған сәтке дейін жаңа талаптар шетелдік әртістердің келуіне қалай әсер ететініне қатысты пікір білдіре алмады.

Бұған дейін Қазақстанға 50 Cent, Николь Шерзингер, Ne-Yo, Nelly, Craig David және Busta Rhymes сияқты әлемдік әртістерді әкелген First Media Group компаниясы үшін бұл талаптар жаңалық емес. Өйткені компания әртістердің сахналық бағдарламасы мен репертуарын бұрыннан-ақ қалалық және мемлекеттік органдармен келісе отырып жасайтынын хабарлады.

«First Media Group жұмысын әрқашан Қазақстан заңнамасына сай жүргізеді. Сондықтан бағдарлама мазмұнына қойылатын қосымша талаптар жұмысымызға айтарлықтай әсер ете қоймайды», — деп мәлімдеді компания өкілдері.

***

Заңдағы өзгерістер кейінгі кездері цензураға жиі ұшырап жүрген киноиндустрияға да әсер етті. Енді фильмге прокат куәлігін алу үшін «прокат алдындағы сараптама» деген талап енгізілді. Ал оны қарау мерзімі 7 күннен 30 жұмыс күніне дейін ұзартылды.

Бұған дейін «Власть» киноиндустрияда ішкі цензураның белең алып тұрғаны және жақында қабылданған «ЛГБТ насихатына» қарсы заңның шығармашылық еркіндікті бұрынғыдан бетер шектейтіні туралы жазған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus