АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда 15 тамызға қарай қалалық коммуналдық қызметтердің алдағы жылу маусымына дайындығы орта есеппен 76,1 пайызды құрады. Қала әкімі Бауыржан Байбектің төрағалығымен өткен қала шаруашылықтарын алдағы жылу маусымына дайындау бойынша қалалық комиссияның кезекті отырысында осындай деректер келтірілді. Бұл туралы бүгін Алматы қаласы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.