ОРАЛ. ҚазАқпарат - Елбасымыздың «Нұрлы жол» бағдарламасы мен «100 нақты қадам» ұлт жоспарына сәйкес газбен қамту саласы да жаңғыртылатын болады. Бұл туралы «ҚазТрансГазАймақ» АҚ Батыс Қазақстан өндірістік филиалы директорының орынбасары Әлібек Хафизов мәлім етті.