Муралда ақынымыздың "Жүрегі таза адам қиянатқа бармайды" деген қанатты сөзі және ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Call-орталық номері (1424) мен эмблемасы бейнеленген.
Бұл композиция азаматтарды адамгершілікке тәрбиелеуге, адалдық, әділеттілік және сатылмаушылық қағидаларын сіңіруге арналған.
"Шығыс - Адалдық алаңы" жобалық кеңсесі азаматтарды жемқорлықпен бірлесіп күресуге шақырады. Әр қазақстандықтың бұл іске атсалысуы құқық бұзушылық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл аясында елдегі жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді.