Тасқын кезеңіне дайындық басты назарда
Жиынға Қызылжар, Мамлют, М.Жұмабаев, Жамбыл аудандары мен Петропавл қаласының әкімдері, сондай-ақ жауапты басқарма басшылары қатысты.
Қызылжар ауданы мен Петропавл қаласы ерекше бақылауда. Бүгінде халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қауіп-қатерді алдын алу мақсатында кешенді шаралар қабылдануда.
Қызылжар ауданында 7 гидрологиялық бекет жұмыс істейді. Бескөлде ұзындығы 5,9 шақырымды құрайтын бөгетті қайта жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Тепличное елді мекенінде жұмыстар толық аяқталды. Прибрежное ауылында жұмыстары аяқталуға жақын. Одан бөлек, Прибрежное ауылына апаратын облыстық маңызы бар автомобиль жолын қайта жаңғырту және үш аралықты көпірдің құрылысы басталды. Жобаның жалпы ұзындығы 2 шақырым болмақ.
13 ауылда жалпы ұзындығы 18,9 шақырым қорғаныс үйінділері салынды. Большая Малышка, Ольшанка және Долматово ауылдарында үйінділерді ылғалға және аязға төзімді геомембранамен қосымша нығайту жұмыстары атқарылуда. Жарылыс жұмыстарын жүргізу үшін 13 учаске белгіленді.
Қала аумағында су тасқыны қаупі жоғары ауандардың бірі – Заречный кенті. Бұл жерде жер үйіндісін нығайту, қорғаныс бөгеттерін салу жұмыстары аяқталды, ұзындығы 4 250 метр айналма канал қайта жаңғыртылды. Тұрғындарды кезең-кезеңімен көшіру жалғасуда. Өткен жылы 90 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді.
Өңір басшысы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары күшейтілген режимде жүргізіліп
жатқанынн және тұрақты бақылауда екенін атап өтті.