Добавить новость




Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Иранға жасалған соққы мұнай бағасына қалай әсер етпек?

АҚШ пен Израильдің Иранға жасаған соққысы мұнай бағасының 10%-дан аса қымбаттауына алып келді және бұл үрдіс әлі де жалғасуы мүмкін. Әскери операциялар Иранды Ормуз бұғазын ішінара немесе толықтай бұғаттауға итермелеп отыр. Айта кетерлігі, әлемде тұтынылатын мұнайдың бестен бір бөлігі дәл осы жерден өтеді. Бұғаз жабылса, қара алтын бағасы үш таңбалы көрсеткішке жетуі ықтимал. Ал оқиға барынша ушықса, әлем экономикасында инфляцияның жаңа толқыны пайда болып, соңы рецессияға (тоқырауға) әкелуі мүмкін.

Не болды?

Ақпанның соңғы күні АҚШ пен Израиль Иранға бірлесе отырып әскери соққы жасады. Шабуыл салдарынан елдің жоғарғы көшбасшысы Әли Хаменеи қаза тауып, мемлекеттің әскери және ядролық инфрақұрылымдары нысанаға алынды. Бұған жауап ретінде Иран жағы Израиль, Біріккен Араб Әмірліктері, Сауд Арабиясы, Кувейт, Бахрейн және Ирак аумағына зымыранмен соққы жасады.

БАҚ Иранның Харк аралы маңында жарылыстар болғанын хабарлады. Бұл арал — Иран мұнай экспортының негізгі түйіні, елден шығатын мұнайдың 90%-ы осы терминал арқылы өтеді. Бұдан бөлек, Біріккен Араб Әмірліктеріндегі (БАӘ) Джебель-Әли сауда портында да жарылыстар болды. Бұл порт арқылы күніне шамамен 160 мың баррель мұнай өнімі экспортқа шығарылады.

Осы оқиға аясында Brent маркалы мұнайдың бағасы сауда-саттықтың алғашқы сағаттарында-ақ 13%-ға көтеріліп, баррелі 82 доллардан асып түсті. Ал WTI маркалы мұнай 6-8%-ға, шамамен 71–75 долларға қымбаттады. Астана уақытымен 3 наурыз сағат 11:00-дегі жағдай бойынша, Brent маркалы мұнайдың мамыр айындағы фьючерстері 79,5 долларға, ал WTI-дің сәуірдегі фьючерстері 72,4 долларға сатылып жатты.

Мұнай котировкасының күрт өсуіне байланысты 2 наурыздағы сауда-саттық кезінде «ҚазМұнайГаз» акциялары 10%-ға қымбаттады. Бір құнды қағаздың құны 30 мың теңгеге жуықтап, тарихи максимумын жаңартты.

Мұнай бағасы неге өсіп жатыр?

АҚШ пен Израильдің әскери операциялары Иранның жауап ретінде Ормуз бұғазын коммерциялық кемелерге қауіпті аймаққа айналдыру ықтималдығын арттырып отыр. Kpler консалтиң компаниясының дерегіне сүйенсек, әлемде тұтынатын сұйық мұнайдың шамамен 20%-ы (тәулігіне 13–14 млн баррель) осы дәліз арқылы тасымалданады. Мұның басым бөлігі (шамамен 70%-ы) Қытай, Үндістан, Жапония және Оңтүстік Корея үлесіне тиеді. Ал экономикасы бойынша әлемде екінші орында тұрған Қытай өзіне қажетті сыртқы мұнайдың тең жартысын дәл осы өңірден алады.

Стратегиялық маңызы бар су жолы әзірге ресми жабылмаған. Десе де, теңіз қатынасын бақылау қызметінің дерегі бойынша, шабуылдан сескенген және сақтандыру алуда қиындық көрген ондаған танкер бұғаздың екі қапталында тұрып қалған. 

«[Ормуз бұғазы арқылы қозғалыстың тоқтауы] күн сайын нарыққа шығатын 15 миллион баррель мұнайдың жолын бөгейді», — дейді Rystad Energy компаниясының геосаяси талдау бөлімінің басшысы Хорхе Леон.

​​Қақтығысқа дейін іргелі факторлар биыл әлемде тәулігіне 2–4 млн баррель көлемінде мұнай профициті болатынын көрсеткен еді. 

Алайда тәулігіне 8–20 млн баррельге жететін ықтимал тапшылықтың орнын толтыруға ОПЕК+ елдерінің қосымша қуаты да, мемлекеттердің стратегиялық қоры да, тіпті айналма құбырлардың қауқары да аз. 

Сонымен қатар, әлемде сұйытылған табиғи газдың (СТГ) көбіне Қатардан келетін 20%-ға жуық (80 млн тонна) көлемі осы Ормуз бұғазы арқылы экспортталады. Сарапшылардың пікірінше, жеткізу тоқтатылса, бұның орнын толтыру мүмкін болмайды.

Мұнай бағасы жақын арада қалай өзгереді?

Жағдайдың белгісіздігіне орай бірнеше ірі қаржы институты мұнай бағасына қатысты болжам межесін күрт жоғарылатты. Мәселен, баға орта есеппен 80 доллардан (Citi) 100 долларға (Goldman Sachs) дейін өседі деген болжам бар.

Парсы шығанағы елдеріндегі жағдай қысқа мерзімге (1–2 аптаға) тұрақсызданса, Citi сарапшылары Ормуз бұғазы арқылы кемелердің өтуі ішінара шектеледі деп болжайды. Мұнай бағасы уақытша 80–90 долларға дейін көтерілуі мүмкін, бірақ АҚШ тарапынан шиеленіс бәсеңдеп, Иран басшылығы ауысқан жағдайда баға қайта төмендейді. Citi мамандары тарихи тәжірибеге сүйеніп, Ормуз бұғазындағы шектеулердің ұзаққа созылмайтынын алға тартады: осы уақытқа дейін ешбір ел бұл жолды ұзақ мерзімге толық жауып тастай алмаған.

Егер қақтығыс ұзаққа созылса (1–3 ай), Ормуз бұғазы арқылы қозғалыс ішінара тоқтатылуы мүмкін. Rystad Energy сарапшыларының бағалауынша, тіпті мұнайдың бір бөлігі Сауд Арабиясындағы «Батыс–Шығыс» және Әбу-Даби құбырлары арқылы басқа бағытқа бұрылса да, мұнай бағасы барреліне 100 доллардан асып түсуі мүмкін. Таяу Шығыс елдерінің басшылары АҚШ шенеуніктеріне әскери белсенділіктің артуы бағаны бұдан да жоғары деңгейге көтеруі мүмкін екенін ескерткен болатын.

Energy Aspects компаниясының негізін қалаған Амрита Сен Иран бұғазды жабатынын ресми түрде жариялайды деп күтпейді. Алайда АҚШ танкерлерге жасалатын жекелеген шабуылдардың алдын ала алмайды. Сарапшының айтуынша, мұндай оқиғалардың өзі «нарық қатысушыларын бұл аймаққа кеме жіберуге аса сақтықпен қарауға мәжбүрлейді».

Амрита Сеннің пікірінше, «энергетикалық инфрақұрылымға зақым келмесе», баға қазіргі деңгейде қалуы әбден мүмкін. Оның айтуынша, осындай жағдайда, нарық салыстырмалы түрде тұрақты болады. Ал инфрақұрылым бұдан әрі қирай беретін болса, баға да өсе бермек. 

Әдетте мұнай бағасының қымбаттауы Қазақстан бюджетіне баға кемінде бірнеше ай бойы жоғары деңгейде сақталғанда ғана қосымша кіріс әкеледі. 

Көмірсутекті жеткізуге арналған негізгі келісімшарттар жыл басында немесе соңында жасалғанымен, икемді формулалар бағаның күрт көтерілуі мен төмендеуін ескеруге мүмкіндік береді.

Таяу Шығыстағы қақтығыс мұнай нарығына ұзақ мерзімде қалай әсер етпек?

MST Marquee компаниясының энергетикалық зерттеулер бөлімінің басшысы Саул Кавониктің пайымдауынша, Иран билігі қазіргі жағдайды мемлекетке төнген қауіп деп қабылдаса, олар Ормуз бұғазын толықтай жауып тастауға әрекеттенуі мүмкін.

«Бұл жағдай 1970 жылдары болған араб елдерінің мұнай эмбаргосы мен Иран революциясынан үш есе ауыр зардап әкелуі мүмкін. Оның салдарынан мұнай бағасы үш таңбалы көрсеткішке жетіп, сұйытылған табиғи газ (СТГ) бағасы 2022 жылғы ең жоғарғы шегіне қайта көтерілуі мүмкін», — деп толықтырды ол.

Кавониктің есебінше, оқиға қиын бағытта өрбіп, Ормуз бұғазы ұзақ уақытқа толық бұғатталса, нарық тәулігіне шамамен 20 млн баррель мұнайдан қағылуы мүмкін. Бұл — әлемдік сұйық көмірсутек тұтыну көлемінің 20%-ына тең. Мұндай жағдайда мұнай бағасы бұғаз жабылған алғашқы күндерінде-ақ 120–150 долларға, ал кейіннен 180–200 долларға дейін шарықтап кетуі мүмкін.

Аналитиктердің болжамы бойынша, мұнай бағасының ұзақ уақыт бойы жоғары болуы әлемдік экономикада инфляция қысымының қайта күшеюіне әкеп соғады. Бұл бизнес үшін ауыр жүк болады. Кәсіпкерлер өндіріс шығынының артуын тұтынушылардың иығына артады. Нәтижесінде әлемде халықтың сатып алу қабілеті төмендеп, әлем экономикасы тоқырауға ұшырауы мүмкін.                  

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus