Добавить новость

Путин не осуждает Байдена за помилование сына

Стало известно о состоянии Седоковой после трагедии с бывшим мужем

«КП»: метровую новогоднюю елку можно срубить за 29 рублей

Ефимов: 7 решений о комплексном развитии территорий приняли в Москве за ноябрь





Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

«Атом улаған дала»

Биыл қыркүйекте ядролық қауіпсіздік маманы, саяси ғылымдар докторы Тоғжан Қасенова Алматыда Atomic Steppe: How Kazakhstan Gave Up the Bomb кітабының толықтырылған қазақ және орыс тіліндегі нұсқасын көпшілікке ұсынды. «Власть» колумнисі Мәди Мәмбетов кітапты оқып, алған әсерін баяндайды.

Кітаптың бірінші тарауы полигондағы ең алғашқы ядролық сынақтың салдарын суреттеуден басталады: «Әр жерде аң-құс бөлшектері шашылып жатыр. Жарылыс орнынан әріректе аман қалған хайуандар көрінеді. Ұшып бара жатқанда жарылыс ұшқыны тиген құстар сеспей қатып жерге құлаған, терісі мен түгі күйген жануарлар есі шығып, безіп барады. Дәрігерлер мен солдаттар өлген және жаралы хайуандарды көлікке тасып жүр… 1949 жылғы 29 тамыз — Совет Одағы Қазақстан даласына салған жаңа полигон ошағында алғаш атом бомбасы жарылған күн».

Бірақ қырық жылдан асатын уақыт бойы белсенді болған Семей полигоны туралы әңгіме бірінші жарылыстан әлдеқайда бұрын басталды және әлі күнге дейін жалғасып келе жатыр. Кітапта Семей өңірінің табиғаты, оның мәдениеті, Қазақ хандары, қазақ даласында Ресей империясының пайда болуы, уақытпен бірге келген өзгерістер туралы айтылады. Ұлттың ежелгі дәуірінен бастап қазақ даласында жарылыс үні естіле бастаған ХХ ғасырдың ортасына дейінгі тарих суреттеледі. Бұл жерде зерттеушінің объективі ірі планға түсіп, егжей-тегжейі көріне бастағандай болады. Адамдар пайда болады — совет ядролық бағдарламасының басында тұрған Сталин мен Берия жылт етіп көзге түседі, автор ядро саласындағы ғалымдардың анық кескінін сомдауға көбірек көңіл бөледі, өмірінің соңын ядролық сынаққа қарсы күреске арнаған, «совет сутегі бомбасының әкесі» Андрей Сахаров шыға келеді. Кітап парақтарында саясаткерлермен қатар, осы күнге дейін аты беймәлім болған, бала кезінде көкжиектен шыққан «саңырауқұлақтарды» көрген алғашқы жарылыс куәгерлері — жергілікті тұрғындар, полигон төңірегінде тіршілік еткен қазақтар мен қазақстандықтар пайда болады. Әрқайсы сөйлеп шығады.

Беттен бетке өткен сайын кішігірім және ауқымды оқиғалар ашыла түседі. Оқырман ғалымдар мен әскерилер сынақты қадағалау үшін тұрғызылған бақылау береттеріне үңіле алады. Жер сілкінгенде тұрғындары не болғанын ұға алмаған ауылдар мен қалалар. Планетадағы ядролық қарудың тоқтаусыз өсуіне шектеу қоюға тырысып жатқан әлемдік саясаткерлердің кабинеттері мен конференция залдары. Әңгіме географиясы да кеңейеді: Семейден Алматыға, Мәскеуден Вашингтонға, Хиросимадан Невадаға дейін. «Атом улаған дала» ғалымдардың қиындаған үстіне қиындай түскен міндеттерді шешіп жатқанына шаттанғанын баяндайды. Сынақ салдарын ескергісі келмеген, осы салдарды мойындаудан бас тартқан әскерилердің қыңырлығы жайында. Жергілікті халықтың қорқынышы, сол кездегі ҚазКСР астанасы Алматыдан көмек сұрап мазасын алған жергілікті биліктің үрейі және қажет мөлшерде ақпараты немесе дербестігі болмаған республикалық биліктің қауқарсыздығы туралы. 

Ешбір оқиғаны астарына үңілмейінше әділ сипаттауға болмайды, сондықтан «Атом улаған дала» советтік Қазақстанның тарихы, 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын, бүкіл КСРО көлемін қамтыған «Қайта құру» туралы баяндайды. «Жариялық» кезеңінде пайда болған «Невада-Семей» қозғалысына, қазақстандықтардың жерді, суды, ауа мен адамдарды улап жатқан полигоннан құтылуға деген ұмтылысына және тәуелсіздіктің алғашқы саяси актілерінің бірі — 1991 жылы тамызда полигонда ядролық сынақтарды тоқтатқанына кеңірек тоқталады.

«Атом улаған дала» тәуелсіз Қазақстанның басшылығы Совет Одағының мұрасы — атом қару-жарағы көлемі бойынша бірнеше жыл бойы республиканы әлемдегі төртінші ел дәрежесінде ұстаған ядролық арсеналға қатысты қандай шара қолдану керегін түсінуге тырысқан 1990-жылдардың басы туралы толық баяндайды. Сақтап қалу керек пе? Бас тарту керек пе? Ядролық қалдықты, материалды, отынды, «бейбіт атом» деп аталатын, бірақ қаруға айналдыруға болатын дүниенің бәрін не істеу керек? Біздің заманауи тарихымыздағы ең маңызды дерлік саудаласу жайында кітапта егжей-тегжейлі айтылады — дипломаттардың, саясаткерлердің, сарапшылардың сөзі келтіріледі. Жоғары деңгейдегі келіссөзбен қатар, мамандардың мұз болып жатқан ангарлардағы, өшкелі тұрған зауыттардағы, кішігірім ауылдардағы кездесуі де бүге-шігесіне дейін баяндалады. Бұның бәрі ойды бөлмейді, керісінше, жуықта болған тарихтың ауқымды, тірі картинасын жасайды.

«Атом улаған дала» заманауи үздік ғылыми-танымдық еңбек үлгілерінің бірі. Қиын тақырып туралы айта отырып, кітап әсіре академизмге түсіп кетпей, өте тірі, бейнелі тіл қолданады. Дайындығы жоқ оқырманның өзі үнемі сөздікке немесе энциклопедияға үңілуге тура келеді деп қорықпастан қолға алуына болады. Өйткені кез келген күрделі термин немесе ұғым көп ұзамай келесі жолдарда тарқатылады. Баяндалуы толық, бірақ зерігіп үлгертпей алға екпіндеп ұмтылады. Кітаптың кейбір тұсы нағыз драматизмге толы, кейбір жері шпион туралы триллер секілді оқылады. Бұл маңызды тақырыпты ғана қозғайтын жақсы кітап емес, бұл сөзсіз жақсы кітап.

Дулат Есназардың фотосы

Кітап авторы, ғалым Тоғжан Қасенованың еңбегін мойындау керек. Ғылыми ортада белгілі тұлға «Атом улаған далада» қиын нәрсені қарапайым сөзбен жеткізе отырып, бірақ тым қарабайырлыққа салынбай, сөз суреткері екенін көрсетті. Оған бір мезгілде академиялық салқынқандылық та, жанашырлық сезімі де тән. Бұндай сезім полигон қызметінің салдарынан зардап көрген отандастарына ғана емес, 50-жылдары суық далада сынақ кешенін тұрғызуға тырысқан ғалымдарға, әскерилерге, жұмысшыларға да, полигонға және оның нәтижесіне қатысты не шара қолдану керегін түсінуге тырысқан саясаткерлерге де, шырмалған саяси түйіндерді шешуге жанталасқан дипломаттарға қатысты да байқалады.

Әшкерелеуші кейіпке де еніп кетпей, жарамсақтана шаттануға да берілмей, ядрошы ғалымдардың алдында көзсіз жағымпазданудан да, КСРО құлағаннан кейін Курчатовта немесе Шағанда қалғандарды өшпенділікпен табалаудан да бойын алыс ұстап, суреттелген оқиғалар мен процестерге мораль мен этика тұрғысынан баға беруді оқырманның өзіне қалдырады. Сонымен қатар автордың қолынан өткен, зерттеген, мұрағаттардан алған ақпараттың ауқымы таңғалдырады. Тоғжанның келіссөзге қатысушылардың біразымен, шешім авторларымен, куәгерлермен және зардап көргендермен сөйлесе алғаны да салмақ береді, кітапта автордың кейіпкерлермен әңгімесінен алынған тұсы көп.

Қалай болғанда да, жарылыс салдарына, сәулеленуге, улы шығарындыларға, 1949 жылы да, қазіргі кезде де — туған жердің, тіпті ауаның бүлінуіне душар болған Семей өңірінің тұрғындарына назар аудартудан ауытқымайды. Қасенова зардап шеккендердің сөзін келтіргенде немесе өз эмоциясын білдіргенде ұстамдылық танытқаны анық — байсалды сарын болғанына қарамастан, кітапта оқырманның көңілін босататын ауыр тұстар жетерлік. Полигонды қоршаған, қазір де қоршап тұрған құпиялық атмосферасы, шешім қабылдаушылардың «биік» мақсаттарға бола адамдардың және табиғаттың азабына безбүйрек болуы, отарлаушы совет билігін енді кінәлай алмайтын зардап көрушілерге қазір менсінбеу қараудың бәрі қорқыныш, мұң мен ашу тудырады.

Санат Оңғарбаевтың фотосы

Осы жерде мәтінге қатысты шегініс жасаған дұрыс болатын шығар. Осы пікірдің авторы, әсіресе, мәтіні жақсы, баяндалуы тартымды болса, кітапты өте жылдам оқиды. Бұл кітапты мен бір айға жуық уақыт оқыдым. Тілі жеңіл, жақсы беттелген, мазмұны тартымды шықса да осылай болды. Екі аптадан кейін ғана ауыр «жүріп» жатқанының мәнін түсіндім.

«Атом улаған дала» қазақ халқына да, этникалық өзгешелігіне қарамастан барлық қазақстандыққа да ауыр, әлі жазылмаған жара туралы айтады. Бұл жараның пайда болғанына біраз уақыт өтті, оған қайта бұрылудың аса мәні жоқ, бұл жара Семейден алыста туып-өскен маған әсер етпегені анық, менің еш жерім ауырмайды деп ойлап келдім. Мен полигонды көп жылдан бері еске алған емеспін. Мына кітапқа оқи бастағанға дейін.

Сөйтсем, ауырады екен. Жадымның есігі ашылып, естеліктер төгілді: міне, мынау қырық жасында әкесінен де, шешесінен де айырылған жақын құрбым. Ата-анасы ерте кеткеніне полигон кінәлі ме, жоқ па, білмеймін. Бірақ жоққа шығара да алмаймын. Міне, мынау әріптесім, ата-анамның құрдасы, еңбек жолымды бастаған кезде жақсы көмектесті, сіңлісі қатерлі ісіктен қырық жасында қайтыс болды — олар бұған полигон әсер еткенін анық біледі. Жасы тоқсанға таяған менің әжем. 80-жылдар соңында «Невада-Семей» қозғалысының шеруі өтіп жатқан стадионға ертіп апара жатыр, ол кезде жеті жастамын, күннің ыстығынан дымым құрып тұр. Сахнадағы түсініксіз сөздер зеріктіріп жіберген, бірақ әжем мен тағы мыңдаған адам әр сөзге құлақ түріп тұр. Басқа бір митингте бірінші сынып оқитын мені бейтаныс еркекке қарай итеріп қояды: «Ана кісінің қолын ал! Қолын ал!» — дейді, мен ұялып, тығылып қалғым келеді, бірақ ол ортаға қарай итеріп шығарып, әлгі еркекке дауыстап сөйлейді: «Олжас Омарұлы, немерем сіздің қолыңызды алғысы келеді!». Мен әжемнің бұйрығын орындаймын, ақын әрі белсенді Олжас Сүлейменов менің солғын, терлеген қолымды қысады. Әжеме бұл маңызды болды — ал мен «Атом улаған даладан» кейін ғана қаншалықты маңызды болғанын түсіндім. Осы кітаптан кейін Баянауылда туған, мектеп жасында атом жарылысын сыныптастарымен бірге тамашалаған әжемнің терісіндегі ақтаңдақ осыдан кейін пайда болды деген сөзі есіме түсті. Ақтаңдақ әжемде де, анамда да, жасөспірім шағымнан бастап өзімде де бар. Бұл полигонның ізі ме, білмеймін, бірақ жоққа шығармаймын.

Дулат Есназардың фотосы

Қасенова кітабында зиянсыз деуге болатын тері дағына (ақтаңдақ) қарағанда әлдеқайда сұмдық нәрселерді суреттейді. Бұны ол мелодраматизмге салынбай жасайды, соның өзінде оның жақын маңдағы аудандардың тұрғындармен жүргізген әңгімесін жеткізуі жаныңды түршіктіреді. Кітаптағы сұмдық пассаждың бірі соңғы тарауда беріледі: «Ядролық сынақтың тағы бір сұмдығы — өзіне қол салғандар көбейді. Оның себебі толық зерттелмеген, әйтеуір, ядролық сынақтар адам психикасына әсер ететін сияқты. Сынақ тоқтаған соң да үрейлі хабар толастаған жоқ, полигон жабылған 1990-жылдары да суицид жасаған адам көп болды. Болатбек Саржалда болған суицид жағдайларын еске алды: көбі — жас жігіт, арасында қыздар мен ересектер де бар. Болатбектің айтуынша, суицид ислам дәстүріне қайшы деп, басында өзіне қол салғандарды ортақ зиратқа қоймаған. Алайда ондайлар саны көбейіп кеткенде, дәстүрге қарауға мұрша болмайды. «Полигоннан болған сырқат санап, оларды да өзгелер сияқты жерлей бердік», — дейді ол. Содан соң кідірместен, дауысын да өзгертпестен былай деді: «Ұлым тоғыз оқып жүргенде асылып қалды». Мен оның сұмдық трагедиясын жай хабар сияқты айтқанына қарап, сілейіп қалдым».

«Атом улаған дала» кітабының қазақша және орысша нұсқасы дер кезінде — Қазақстан атом электр станциясын салуды жақтап немесе қарсы дауыс беруге тиіс референдум алдында жарық көрді. Бұл ғылыми-танымдық еңбек ештеңені үгіттемейді, бірақ көре білген адам аңғарады. Өз басым ұстанымымды анықтадым.

Читайте на 123ru.net


Новости 24/7 DirectAdvert - доход для вашего сайта



Частные объявления в Вашем городе, в Вашем регионе и в России



Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. "123 Новости" — абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Smi24.net — облегчённая версия старейшего обозревателя новостей 123ru.net. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city

Врачи частных клиник в Москве обошли в зарплате пеших курьеров

Народный праздник Анфиса Рукодельница отмечается 21 декабря 2024 года

Суд отказал Наталье Лапиной в исковых требованиях к адвокату Успенской

Субботнее чтиво: итоги уходящей недели

Музыкальные новости

Моцарт и Шопен при свечах в Петрикирхе

«Динамо» Москва — «Адмирал» — 4:2. Видеообзор матча КХЛ

«Это безобразие»: Путин пообещал навести порядок в ипотечных программах

Петербуржцы не смогут забрать заказы из Wildberries 1 января

Новости России

Суд отказал Наталье Лапиной в исковых требованиях к адвокату Успенской

Субботнее чтиво: итоги уходящей недели

Синоптики спрогнозировали гололедицу и до 3 градусов тепла в Москве 21 декабря

Ответ на вопрос, на который В.В. Путин не знал ответ. "Почему «Орешнику» дали такое название?" Россия, США, Европа могут улучшить отношения и здоровье общества.

Экология в России и мире

Новогодние каникулы в Астрахани

Сеть клиник «Будь Здоров» поддержала благотворительный фонд «Нить добра» на аукционе Meet For Charity

Как Киркоров и Дорохов породнились: комедия «Братья» выходит при поддержке «Авторадио»

Заповедники России: 15 самых известных

Спорт в России и мире

Елена Рыбакина уверенно обыграла Симону Халеп в матче Мировой теннисной лиги

Спортсмены и рекламные ролики: Джокович в пасти у крокодила, а Овечкин — доставщик пиццы

«Испанцы никогда не умирают». Циципас о том, что Бадоса победила в номинации WTA «Возвращение года»

Ник Кирьос и Новак Джокович сыграют в парном разряде на турнире ATP-250 в Брисбене

Moscow.media

Днище пробито:Незаменимые специалисты стали получать гражданство РФ прямо в тюрьме, отбывая наказание

Беспроводной сканер штрих-кодов SAOTRON P05i промышленного класса

«Грузовичкоф» выбран дважды на премии «Признание и Влияние» 

Как проходит процедура интимного омоложения











Топ новостей на этот час

Rss.plus






Врачи частных клиник в Москве обошли в зарплате пеших курьеров

Мигранты и терроризм: прямая взаимосвязь

Субботнее чтиво: итоги уходящей недели

FT: жена Асада за несколько недель до его бегства начала в РФ лечение от рака