Добавить новость




Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейінде "Эрмитаж күндері"

Ғылыми реставрация, ғылыми-ағартушылық жұмыстары, музей экспонаттарын сақтау мен қорғау бойынша музей ісінің ірі мамандарынан тұратын делегацияны тарих ғылымдарының докторы, профессор, РҒА корреспондент-мүшесі, Ресей музейлері одағының төрағасы, Халықаралық музейлер кеңесінің мүшесі (ИКОМ), тарихшы-шығыстанушы, арабтанушы және исламтанушы, Таяу Шығыстың ежелгі және ортағасырлық тарихы, Араб түбегінің тарихы, Саба, Химйар, Құран және исламның ерте тарихы, ежелгі араб жазулары, арабтардың эпостық аңыздары, араб қолжазба кітабы, мұсылман мәдениеті салаларын зерттеген Мемлекеттік Эрмитаждың бас директоры Михаил Пиотровский бастап келді.
– Менің Қазақстанға келгендегі мақсатым – Астанада, Қазақстанның Ұлттық музейінде, Эрмитаж күндерін өткізу. Жалпы желтоқсан айының басында Эрмитаж күндерін ұйымдастырып, жыл бойы атқарған жұмысымызды қорытындылаймыз. Биыл өз елімізде есеп берместен бұрын, Астанаға келіп, Эрмитаж күндерін ұйымдастырып жатырмыз. Шара аясында өзара тəжірибе алмасамыз. Ұлттық музейге бұл алғаш келуім,– деді М.Пиотровский.
«Эрмитаж күндерінің» салтанатты ашылу рәсіміне ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы, сонымен қатар ҚР Парламент Мәжілісінің депутаттары, белгілі мемлекет және қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері қатысты.
– Ұлттық музейдің халықаралық дəрежеде өз орны болу керек. Михаил Пиотровский реставрация, музейфикация сияқты сирек кездесетін мамандарды ертіп келді. Біздің мақсатымыз – Эрмитажбен тығыз қарым-қатынас орнату. Мысалы, келесі жылы Қазақстанда Эрмитаждың бірнеше көрмесін өткізуіміз керек. Себебі, Эрмитажда Сақ мəдениетіне байланысты көптеген жəдігерлер, Ақсақ Темірдің тасқа жазған жазбалары сияқты көптеген жəдігерлер бар. Сонымен қатар, Қазақстан музейлеріндегі де сирек кездесетін жəдігерлерді Эрмитажға қоюымыз керек. Сондықтан, осы Эрмитаж күндерінің маңызы зор, – деді А. Мұхамедиұлы.
Шара барысында лекциялар, семинарлар, шеберлік сабақтары, кездесулер, музейлердің ИКОМ Халықаралық Кеңесімен бірлесіп қызмет ету бойынша, сонымен қатар, Эрмитаж туралы виртуалды көрме сияқты халықаралық музей жобалары аясында музей салаларын дамыту сынды өзекті мәселелерді талқылау болды.
– Бүгінде музей қауымдастығының алдында жалпы адамзаттық құндылықтарды сақтау мен насихаттауға қатысты өзекті мәселелер тұр. Оларды тиімді шешуде Ұлттық музейдің ролі ерекше. Музей ашылғалы бері шетелдік, оның ішінде Ресей музейлерімен тығыз байланыс орнатып келеді. Осындай әріптестік байланыстың нәтижесінде түрлі бағыттағы мәдени алмасулар, көптеген маңызды жобалар жүзеге асырылды. Ұлттық музейде Эрмитаж күндерінің өтуі де сондай ауқымды жұмыстың жемісі, – деді ҚР Ұлттық музей директоры Дархан Мыңбай.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus