Муайтай бойынша Әлем кубогында қазақстандықтар 10 медаль жеңіп алды
![Муайтай бойынша Әлем кубогында қазақстандықтар 10 медаль жеңіп алды](http://www.inform.kz/fotoarticles/20161129104559.jpg)
АСТАНА. ҚазАқпарат - 20-26 қараша күндері Қазан қаласында (Татарстан) муайтай (тай боксы) бойынша Әлем кубогы өтті. Қазақстан Республикасы атынан ересектер санаты бойынша 5 спортшы, 16-17 жас аралығында 7 спортшы бақ сынады, деп хабарлады ҚР Муайтай федерациясының баспасөз қызметі.