Түркістанда «TÚRKІSTAN MEDIA» халықаралық орталығы ашылды
![Түркістанда «TÚRKІSTAN MEDIA» халықаралық орталығы ашылды](http://www.inform.kz/fotoarticles/20181031143250.jpg)
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан қаласында «TÚRKІSTAN MEDIA» халықаралық орталығы мен «TÚRKІSTAN» интеллектуалды клубы ашылды. Салтанатты шараға елімізбен қатар Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Татарстан және Қырғызстан республикалары ақпарат құралдарының жетекшілері мен өкілдері қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.