Түркістанның жаңалықтары түркі тілдес елдерге тарайтын болады
ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан қаласында өткен «TÚRKISTAN: JAŃA AQPARATTYQ KEŃISTIK» атты халықаралық медиа форумда бірнеше мемлекеттің БАҚ жетекшілерімен меморандумға қол қойылды. Осы құжат негізінде Түркия, Әзербайжан, Өзбекстан, Татарстан және Қырғызстан республикаларының жетекші ақпарат құралдары мен Түркістан облыстық ішкі саясат басқармасы арасында әріптестік орнатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.