Қазанда Халықаралық мұсылман кино фестивалі өтіп жатыр
![Қазанда Халықаралық мұсылман кино фестивалі өтіп жатыр](http://www.inform.kz/fotoarticles/20180905161747.jpg)
ҚАЗАН. ҚазАқпарат - Сейсенбі күні Қазанда XIV Халықаралық мұсылман кино фестивалі басталды. Татарстан мемлекеттік кеңесінің төрағасы Фарид Мухаметшин фестивальдің ашылу рәсімінде биыл 56 елден мыңға жуық өтініш түскенін атап өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне сілтеме жасап.