Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Судья блогер Жанәбіловке ескерту жасады

Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеноваға қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Отырыс барысында судья Ерболат Жанәбіловке ескерту жасады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Сотта жауап алу кезінде Жанәбілов журналистер оның жанына орнатқан ілмелі микрофондарды өшіріп тастады. Блогердің айтуынша, құрылғылар оның зейін қойып, сұрақтарға жауап беруіне және сабырмен айғақ беруіне кедергі келтірген.

"Алдарыңызда қобалжып тұрмын, не айтарымды білмеймін, тілім байланып қалғандай, қазақша да, орысша да дұрыс сөйлей алмай тұрмын. Сондықтан айтқым келетіні: ренжімеңіздерші, өтінемін, мені кешіріңіздер. Бірақ мына жерде, сот алдында тұрғанда қатты уайымдайды екенсің", - деді ол.

Журналистерге қаратып айтқан сөзінде ол іс-әрекеті үшін кешірім сұрап, қатты қобалжып тұрғанын мойындады. Жанәбіловтың айтуынша, ол өз сөздерінің жағымсыз сипатта ұсынылуынан қауіптенеді, соның салдарынан ойын жинақтап сөйлеу қиынға соғып тұр.

"Не істерімді білмей, абдырап қаламын. Ешкімнің басына мұндай жағдайды бермесін, бірақ сот алдында тұру - бұл мүлдем бөлек атмосфера. Бәрі басқаша: отыру бір бөлек те, мына жерде, сот алдында тұру мүлдем басқа сезім екен", - деп ағынан жарылды блогер.

Жанәбілов есеңгіреп қалғанын, сөз таба алмай, ойын анық жеткізуге қиыналып тұрғанын айтты. Ол мұндай жағдайдың өзі үшін жат әрі психологиялық тұрғыдан ауыр екенін атап өтті.

"Мұндай жағдай бастарыңызға келмесін. Бұл сот алдында тұрған алғашқы әрі соңғы кезім болар деп үміттенемін. Мына қобалжу... мені дұрыс түсініңіздер", - деп толықтырды ол.

Осыдан кейін судья Әділбек Баймаханов оған ескерту жасап, жазу құрылғыларын өшіруге жол берілмейтінін айтты.

"Сот отырысының басында мен БАҚ өкілдеріне сот процесін түсіруге, соның ішінде аудиожазба жасауға рұқсат бердім. Сондықтан сот сізге ескерту жасайды, сіздің құрылғыны өшіруге құқығыңыз жоқ. Сіздің бұл әрекетіңіз сотты құрметтемеу ретінде қабылданады", - деді судья.

Баймаханов Жанабіловке мұндай әрекеттер қайталанған жағдайда әкімшілік жауапкершілікке тартылуы мүмкін екенін ескертті.
“Мені бейне бір қылмыскердей көрсетіп жатыр“: блогер Ерболат Жанәбілов сотта жауап берді
Блогер Жанәбіловтердің соты
16 наурызда Астанада блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегенованың ісі бойынша басты сот процесі басталды. Ерлі-зайыпты сот отырысы кезінде журналистердің видеоға және суретке түсіруіне қарсы шықты.

"Үлкен балам мектепке барады, балама жеке өмірімізге қатысты орынсыз сұрақтар қойылады", - деп Төлегенова мұндай шешімнің себебін журналистерге түсіндірді.

Бұған дейін сотта прокурордың аға көмекшісі Олжас Хайруллаев айыптау актісін оқыды. Оған сәйкес, ұтыстар пен сыйлықтар қатысушылардың ақшасына сатып алынған, алайда жарнамада ұтыс қоры ұйымдастырушылардың өз қаражаты есебінен қалыптасқандай көрсетілген. Тергеу мәліметі бойынша, акциялар өткізілген кезеңде жобамен байланысты есепшоттарға 247 миллион 653 мың теңге түскен.
Айта кетейік, блогерлер заңсыз кәсіпкерлікпен айналысу, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған ақша мен өзге де мүлікті заңдастыру (жылыстату) бойынша айыпталып отыр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus