Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Тоғанға түсіп, магнолияны жұлады“ - алматылықтар Ботаникалық баққа келушілерге шағымданды

Алматылықтар Ботаникалық баққа келушілердің іс-әрекетіне наразылық білдіріп жатыр. Өткен демалыс күндері куәгерлер құстарға қатыгездік көрсету және өсімдіктерді зақымдау деректерін тіркеген, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болды?
Threads әлеуметтік желісінде алматылық әйелдің жазбасы жарияланды. Оның айтуынша, 12 сәуірде адамдардың көп келуі салдарынан саябақ флорасы мен фаунасы зардап шеккен.

"Аққуларға жақындап, оларды тоғаннан ығыстыру қалыпты жағдай емес. Балалар ғана емес, ересектер де сонда барып, видео түсіріп, суретке түсуге тырысады. Бақ ішінде магнолиялар өсіп тұр — адамдар жаңа ғана ашылған бүршікті жұлып, олардан гүлшоқтарын жасайды. Мұнымен ересек адамдар да айналысады. Ескерту жасасаң, оған мүлдем құлақ аспайды", – деп жазды жазба авторы.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Tengri Almaty (@tengri.almaty) жарияланымы


Желідегі реакция
Жазба қызу пікірталас тудырды. Пайдаланушылардың көпшілігі бақылауды күшейтуді талап етсе, кейбіреулер "әр сәтке қуануға" шақырды.

"Мұндай азаматтарға айыппұл салу керек".
"Тіпті 220 вольтты қоршау орнату керек сияқты! Хайуанаттар бағында да, саябақтарда да сол баяғы көрініс, айнала толған жабайылар, ал сырттай қарасаң, қалыпты адамдар сияқты".
"Қорғау шараларын күшейтіп, сенімдірек қоршау орнатуға немесе қосымша бақылау ұйымдастыруға болатын шығар. Аққулардың қауіпсіздікте болғанын қалаймыз".
"Әрқашан көңілі толмайтын біреу табылады, демалыңдар, қуаныңдар, барлық жерден мін іздемеңдер. Онда қызметкерлер бар, олар бәрін реттеп, жинап алады, ол үшін оларға жалақы төленеді".

Ботаникалық бақ өкілдері не дейді?
Алматы Бас ботаникалық бағының әкімшілігі келушілер көп жиналған күндері кейбір адамдардың өзін жөнсіз ұстайтынын растады.

"Келушілердің өзін-өзі дұрыс ұстамауы және ереже бұзу жағдайлары туралы ақпарат ішінара расталады, мұндай жайттар, әсіресе адамдар көп келетін күндері расымен тіркеледі", – деп хабарлады Ботаникалық бақ өкілдері.

Сондай-ақ бақ өкілдері аққулар жүзетін тоғанның айналасына қоршау орнату мәселесі қарастырылып жатқанын айтты. Алайда техникалық қиындықтарға байланысты бұл процесс созылып жатыр.

"Бұл тез бітетін шаруа емес, өйткені қолданыстағы техникалық шектеулерді ескере отырып, барлық мемлекеттік сатып алу процедураларынан өту қажет. Тоған аймағында жерасты коммуникациялары өтеді, оларды монтаждау кезінде зақымдап алуға болмайды. Қазіргі уақытта қауіпсіз, эстетикалық жағынан тартымды, әрі аумақтың экожүйесін бұзбайтын конструкциялардың бірнеше нұсқасы қарастырылып жатыр", – деп түсіндірді әкімшіліктегілер.

Ботаникалық бақ өкілдері жобаның алдын ала нобайын да көрсетті.
Ботаникалық бақ баспасөз қызметінің фотосы
Ботаникалық бақ баспасөз қызметінің фотосы
Әкімшілік аумақты қорғау үшін бірқатар шара қабылданғанын айтты:

тоған жанындағы күзет қызметінің кезекшілігі күшейтілді;
ақпараттық және тыйым салу белгілерінің саны көбейтілді;
тәртіп бұзушылармен түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Ботаникалық бақ баспасөз қызметінің фотосы
Ботаникалық бақ өкілдері тәртіп бұзушыларға ескерту жасаған бей-жай қарамайтын қала тұрғындарына алғыс айтып, "ортақ жауапкершілік аумақты сақтауға көмектесетінін" атап өтті.
Еске сала кетейік, 2025 жылғы тамызда желіде Алматының Ботаникалық бағында аққуды қылқындырған ер адамның видеосы тараған болатын. Сол кезде бақ әкімшілігі құстардан ешқандай зақым табылмағанын айтты. Осы оқиғадан кейін бақ әкімшілігі жануарларды қорғау және балалардың қауіпсіздігі үшін тоған айналасына қоршау орнату, сондай-ақ бұл аймақта бейнебақылау камераларын көбейту жоспарланып отырғанын хабарлаған еді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus