Аждаһа
Тоқан аулы он шақты үй, басқа ауылдан оқшау отыратын.
Ауылдың жайлап отырған жері «Ақсу» деген томардың бойы Күнбатыс жағы қырлау адыр. Қырдың етегі уақ-уақ томаршық, сай.
Ауыл Ақсудың оңтүстік жағында. Майдың аяқ шені. Жұрт тегісінен ораза. Ауылда Шапар дейтін құранды жаттап шыққан молда бар.
Күн батуға жақындап, ұясына қонып барады. Күндізгі өткір, ыстық күннің көзі маужырап нұры солғын тартқан. Әдемі мамық жел есіп тұр.
Күндікке оразамен таңдай кеуіп, ерні кезерген жұрт, күннің батқанын сабырсыздықпен күтеді. Қыбырлаған жанның бәрі далада. Ауылдың беткейінде өрістен келіп, жайылып жатқан қой бар. Ауылға әкетуге ерте болған соң қаптата салып, қойшы ауылға келген.
***
Жайылып жатқан қойлар жау тигендей үркіп, астан-кестен болды. Жұрт үрпиісіп қарай қалды.
– Сұмдық… десті жұрт. Қойдың бөлектенген жерінде...