Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қарағандыда балалар алаңында ер адам баланы итеріп жіберген - видео

Қарағандыдағы аулалардың бірінде жанжал шығып, салдарынан бір бала зардап шекті. Оқиғаның видеосы әлеуметтік желілерде тарады. Жағдайға қатысты өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Не болған?
Алдын ала мәлімет бойынша, 12 сәуірде Трудовая көшесіндегі №27 үйдің ауласында балалар арасында жанжал туындаған. Олардың бірі ата-анасына хабарласқан, осыдан кейін жағдай ушыға түскен.
Оқиға орнына ересектер келген.

Жарияланған кадрлардан әйелдің балаға дөрекі сөйлеп жатқанын, ал жанындағы ер адам кенеттен оның мойнынан ұстап, итеріп жібергенін көруге болады.
Полиция пікірі
Қарағанды облыстық Полиция департаменті бейнежазба әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында анықталғанын хабарлады. Ресми арыз түспегеніне қарамастан, тәртіп сақшылары оқиғаға қатысушылардың кім екенін жедел анықтаған.

"Олар оқиғаның мән-жайын анықтау үшін полиция бөліміне жеткізілді. Қазіргі уақытта жанжалдың шығу себептері мен жағдайларын анықтауға бағытталған жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр. Тексеру қорытындысы бойынша әрбір қатысушының іс-әрекетіне қолданыстағы заңнамаға сәйкес құқықтық баға беріледі", - деп хабарлады өңірлік Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомство кез келген дау-дамай тек құқықтық шеңберде шешілуге тиіс екенін және күш қолдануға жол берілмейтінін баса айтты.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus