Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Зарина Дияс мансабын неге кенет аяқтағанын түсіндірді

Қазақстандық теннисші Зарина Дияс мансабын аяқтау себептерін түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанада Билли Джин Кинг кубогі аясындағы Қазақстан мен Канада құрамалары арасындағы матчтер алдында Зарина Диястың спорт мансабын аяқтауына арналған салтанатты рәсім өтті.
Экраннан көрермендерге оның мансабындағы үздік сәттер көрсетілді, теннис турындағы құрбылары оған жылы лебізін білдірді.
Зарина көрермендерінің алдында сөз сөйлеп, алғыс айтып естелік мүсіншеге ие болды.
Фото © Tengrinews.kz / Маржан Қуандықова
Мансабын аяқтауы туралы
Рәсімнен кейін Зарина журналистердің сұрақтарына жауап беріп, мансабын дәл қазір аяқтау туралы шешімді неге қабылдағанын түсіндірді.

"Білесіздер ғой, теннис те, жалпы кәсіби спорттың бәрін де үнемі жарақат аласыз. Жарақатпен күресу күн өткен сайын қиындай берді.
Әрине, бір жерің үнемі ауырып, қайта-қайта жарақат ала берген соң, оның психологияға да салмағы түседі. Мұның бәрін қабылдап, өзіңе "болды, енді тоқтау керек" деу оңай болған жоқ. Бірақ ақыры ағзам "жетеді" деді", – деді теннисші.

Сондай-ақ, ол: "Яғни бұған бір ғана нәрсе түрткі болған жоқ қой, бәрі жиналып қалған ба?" деген сұраққа жауап берді.

"Иә, бұл лезде қабылданған шешім емес, бәрі жинала-жинала келді. Себебі мен мансабымда барымды салып ойнадым. Өздеріңіз білесіздер, жаттығу өте ауыр, ұдайы ұшып-қонуың керек. Оның үстіне, теннисте жарыс апта сайын өтеді. Күйзеліс, қысым... Әрине, мұның бәрі жұмыстың бір бөлігі. Бірақ физикалық тұрғыдан өте ауыр бола бастады", – деді Зарина Tengri Sport тілшісінің сауалына жауап беріп.

Еске салайық, Зарина мансабын аяқтайтынын бір күн бұрын әлеуметтік желіде жариялаған еді.
Оның кәсіби мансабындағы соңғы ойыны биылғы қаңтарда өткен Australian Open 2026 турнирінің алғашқы айналымындағы Испания өкілі Паула Бадосаға қарсы матч болды. Заринаның айтуынша, дәл сол кезде ол мансабын аяқтау туралы түпкілікті шешім қабылдаған.












Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

Zarina Diyas-тың (@zarinadiyas) жазбасы


Диястың мансабындағы ең табысты маусымдар 2014–2015 жылдар болды — сол кезде ол Уимблдонның 1/8 финалына дейін жетіп, әлемдік рейтингтегі ең жоғары сатысы — 31-орынға көтерілді.
2022 жылы ол жарақат алып, соның салдарынан екі жылға жуық уақыт бойы кортқа шықпаған болатын.
Қазақстандық теннисші Зарина Дияс спорттық мансабын аяқтайтынын жариялады
Бұған дейін қазақстандық Зарина Диястың мансабын аяқтауына қатысты танымал теннисші Винус Уильямс пікір білдірген болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus