Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды
Ербол Тұяқбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Ербол Жоракелдіұлы Тұяқбаев еңбек және халықты әлеуметтік қорғау бірінші вице-министрі қызметіне тағайындалды", - делінген хабарламада.
Ербол Тұяқбаев 1992 жылы Түркістан облысында дүниеге келген. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген.
2013-2018 жылдар аралығында Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінде сарапшыдан бастап, басқарма басшысына дейінгі еңбек жолынан өтті.
2019-2020 жылдары "Ақпараттық-талдау орталығы" және "Астана" ӘКК" акционерлік қоғамдарында жұмыс істеді.
2020 жылдан 2023 жылға дейін Астана әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас инспекторы, ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің басшысы, инспекторлық және аумақтық жұмыс бөлімінің басшысы, сондай-ақ әкім аппараты басшысының орынбасары лауазымдарын атқарды.
2023 жылғы ақпаннан бастап қазіргі уақытқа дейін үкімет аппараты әлеуметтік даму бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарып келді.