Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Иранның жоғарғы көшбасшысы халыққа және Парсы шығанағы елдеріне үндеу жасады

Иранның жоғарғы көшбасшысы Моджтаба Хаменеи халыққа үндеу жолдап, қазіргі сәтте Ислам Республикасы АҚШ пен Израильмен қақтығыста жеңіске жеткенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости-ге сілтеме жасап.

"Бүгінде және қазіргі сәтке дейін сіздердің (Иран тұрғындары - ред. еск.) үшінші эпикалық қасиетті қорғаныста (АҚШ пен Израильмен арадағы қазіргі қақтығыс - ред. еск.) жеңіске жеткендеріңізді нық сеніммен айтуға болады", - делінген Хаменеидің отандастарына арналған үндеуін жариялаған баспасөз қызметінде.

АҚШ-пен бейбітшілік туралы ықтимал келіссөздер фонында ол Тегеранның соғысқа ұмтылмайтынын, бірақ өз құқықтарынан бас тартпайтынын да атап өтті.
Хаменеи Тегеранның Ормуз бұғазын бақылауды жалғастыратынын айтты.

"Біз Ормуз бұғазын басқаруды міндетті түрде жаңа кезеңге шығарамыз", - деді ол.

Иранның жоғарғы көшбасшысы Тегеранның қақтығыс барысында АҚШ пен Израиль келтірген шығын үшін репарация талап ететінін мәлімдеді.

"Біз келтірілген әрбір шығын мен төгілген шәһиттердің қаны үшін міндетті түрде өтемақы талап етеміз", - деді Хаменеи.

Сондай-ақ ол Иранның бұрынғы көшбасшысы Әли Хаменеи мен басқа да қаза тапқан ирандықтардың өлімі үшін кек алуға бек буынып отырғанын жеткізді.

"Оның төгілген қаны мен екінші (2025 жылғы маусымдағы Израильмен қақтығыс) және үшінші (қазіргі соғыс) таңылған соғыс кезінде қаза тапқан барлық шәһит үшін кек алуға деген нық ерік-жігер жүрегіміз бен жанымызда мәңгі сақталады", - деп толықтырды Иран көшбасшысы.

Парсы шығанағы елдеріне үн қатқан Хаменеи, оңтүстік көршілерін "дұрыс жақты таңдауға" және "ібілістердің жалған уәделеріне ермеуге" шақырды.
АҚШ Президенті Дональд Трамп 8 сәуірге қараған түні Иранмен екі аптаға оқ атуды тоқтату туралы келісімге қол жеткізілгенін мәлімдеді. Кейінірек Трамп егер Тегеранмен бейбіт келісім сәтсіз аяқталса, Иран үшін зардаптардың өте ауыр болатынын айтып ескертті.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus