Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Әділетхан Молдахан екі айға қамауға алынды

Әл-Фараби даңғылындағы жол-көлік оқиғасы туралы видео жариялаған Әділетхан Молдахан екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Алматы Полиция департаментіне сілтеме жасап.
Не болды?
Полицейлер көрінеу жалған ақпарат тарату дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

"Сотқа дейінгі тергеу аясында сот екі ай мерзімге күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Істің барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады ПД.

Полиция жалған ақпарат тарату заңда көзделген жауапкершілікке әкеп соғатынын еске салды.
Блогер не үшін ұсталған?
Баспасөз қызметі мәліметінше, Молдаханға қатысты Қылмыстық кодекстің 274-бабы 1-бөлігі – "Көрінеу жалған ақпарат тарату" бойынша қылмыстық іс қозғалған.
Баптың санкциясы бойынша келесідей жаза түрлері қарастырылған:

1000 АЕК-ке дейін айыппұл (2026 жылы 4 325 000 теңге),
400 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту,
бір жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру.

Айта кетейік, блогердің Instagram-дағы парақшасына миллионнан аса қолданушы жазылған. Ол әл-Фараби даңғылында үш адамның өмірін қиған жол апаты туралы бірқатар жазбаларынан кейін көпшіліктің назарын аударған болатын. Блогер апатқа құқық қорғау органы қызметкерінің қатысы болуы мүмкін деп мәлімдеген еді.
Блогер туралы не белгілі?
Іске қоғам тарапынан қызығушылық жоғары болғандықтан Алматы Полиция департаменті ұсталған адам туралы кейбір мәліметті жариялауды ұйғарған. Әділетхан Молдахан бұрын құқық қорғау органдарының қызметкері болған, алайда оның ІІМ-дегі мансабы даумен аяқталғаны белгілі болды.

"Оның бұған дейін ішкі істер органдарынан теріс себептерге байланысты жұмыстан шығарылғанын растаймыз", – деп хабарлады департамент.

Сонымен қатар оның бұған дейін тонау дерегі бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылғаны айтылды.

"Сот үкімімен ол тонау жасағаны үшін кінәлі деп танылды. Сот мәліметінше, 2023 жылғы наурызда ол алдын ала сөз байласқан адамдар тобында, рөлдерді бөліп алып, тұрғын үй сатып алу үшін ақша алып келген азаматқа шабуыл ұйымдастырған. Қылмыстық ниеттерін жүзеге асыра отырып, күдіктілер жәбірленушінің автокөлігін қуып, әдейі тоқтатқан, содан кейін келісілген түрде күш қолданып, ірі көлемдегі ақшаны ашық түрде иемденіп, оқиға орнынан қашып кеткен", – деп хабарлады полиция.

Бұл қылмысы үшін сот оған пробациялық бақылау белгілеп, бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындаған.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus