Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Ақтөбе облысы әкімдігінде шыққан өрттің алдын ала себебі аталды

Ақтөбе облысы әкімдігінде шыққан өрттің алдын ала себебі аталды. Оқиғаның мән-жайын өңірлік ТЖД хабарлады, деп жазады Tengrinews.kz.
Өрттің себебі
Тілсіз жау 300 шаршы метр аумақты шарпыды.

"Жалынның тез таралуына шатырдағы жанғыш материалдардың көптігі, ағаш жабындар себеп болған. Алдын ала болжам бойынша, өрт электр сымдарының қысқа тұйықталуынан шыққан. Қазір мамандар оқиға орнында жұмыс істеп жатыр", - деді Ақтөбе облыстық ТЖД бастығының орынбасары Евгений Овчарский.

Өңірлік ТЖД мәліметінше, облыс әкімдігі ғимаратының шатыры соңғы рет 2024 жылы жөнделген.
Қылмыстық іс қозғалды
Факт бойынша Қылмыстық кодекстің 292-бабы - "Өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу" бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Әкімдік қалай жұмыс істейді?
Оқиғадан кейін әкімдік қызметкерлері қашықтықтан жұмыс істеу режиміне көшірілді. Ғимаратта барлығы 1000-нан аса адам жұмыс істейді.
Алайда әкімнің айтуынша, түстен кейін мемлекеттік қызметшілер кабинеттеріне оралып, жұмыстарын әдеттегі режимде жалғастыруға тиіс.

" Ғимараттың тек шатыры жанды. Алтыншы қабаттағы кабинеттерге келген зақым айтарлықтай емес. Түстен кейін мамандардың көп бөлігі өз жұмыс орнына оралады. Оған дейін мемлекеттік қызметтер онлайн, үздіксіз көрсетілед", - деп түсіндірді Ақтөбе облысы әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Әлібек Байнешов.

Өрттен кейінгі әкімдік ғимаратының көрінісі осындай.
Фото: Tengrinews/Ақтөбе
Ақтөбедегі әкімдік ғимаратындағы өрт
7 сәуірде кешке Ақтөбеде Әбілқайыр хан даңғылындағы облыстық әкімдік ғимаратында өрт шықты. Төтенше жағдайлар министрлігі мәліметінше, 6 қабатты әкімшілік ғимараттың шатыры жанған. Құтқарушылар шақырту орнына 5 минут ішінде жетті. Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері келген кезде әртүрлі жерлерде үш ашық өрт ошағы байқалған.

ТЖМ мәліметінше, өртті сөндіру жұмыстары оттың үлкен аумаққа қарқынды таралуына, тез тұтанғыш материалдардың болуына, қою түтінге, жоғары температура, сондай-ақ ғимараттың конструктивтік ерекшеліктеріне байланысты қиындай түскен.
Өрт орнында екі "103" бригадасы кезекшілік етті. Медициналық көмекке жүгінгендер мен зардап шеккендер болған жоқ, деп түсіндірді әкімдіктегілер.
ТЖМ сағат 22:00-ден кейін өрттің толық сөндірілгенін хабарлады. Өрт аумағы 300 шаршы метр болған, оны сөндіруге 80-нен аса жеке құрам мен 30-ға жуық техника жұмылдырылды.
8 сәуірге қараған түні Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров ТЖ жөніндегі жедел штабтың шұғыл отырысын өткізді. Онда облыстық әкімдік шатырының өртенуіне байланысты жағдай қаралды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus