Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

“Қазақстан Түркиядан үлгі алады“ - қаңғыбас иттер мәселесі қалай шешілмек?

Қазақстанда қаңғыбас жануарларға қатысты реттеу тәсілдерін өзгерту жоспарланып отыр. Мәжіліс депутаттары тиісті түзетулерді талқылап, қайтарымды аулаудан бас тартқан Түркия тәжірибесін мысалға келтірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Депутат Еділ Жаңбыршин түзетулерді әзірлеу кезінде депутаттар қаңғыбас жануарлар санын реттеудің халықаралық тәжірибесін зерттегенін айтты.

"Талдауға сәйкес, әлемде екі негізгі модель қолданылады: қайтарымды аулау және қайтарымсыз аулау. Бұл ретте әмбебап шешім жоқ", - деді ол.

Депутат азаматтардың қауіпсіздігі басымдыққа ие елдерде жануарларды қалалық ортаға қайта жіберу қолданылмайтынын немесе шектеулі түрде екендігін айтты. Ол мысал ретінде Түркияны келтірді.

"Онда 20 жылға жуық уақыт бойы қайтарымды аулау моделі қолданылып келді. Бірақ санның азаюы орнына, өсуіне тап болды - бүгінде түрлі бағалау бойынша, елде 4 миллионға жуық қаңғыбас ит бар. 2024 жылы Түркия бұл модельден бас тартуға мәжбүр болды", - деді ол.

Жаңбыршин жануарларды мекендеу ортасына қайтару моделі олардың санының азаюына да, қауіпсіздікке де кепілдік бермейтінін айтты.

"Егер мемлекет популяцияны толық бақылауды, вакциналауды, сәйкестендіру мен қатаң әкімшілендіруді қамтамасыз етпесе, мұндай модель қоғам қауіпсіздігіне қарсы жұмыс істей бастайды", - деді ол.

Депутаттың айтуынша, ұзақ уақыт бойы гуманистік тәсілді ұстанған елдердің өзі соңында оны қайта қарап жатыр.

"Егер адамға жүйелі қауіп төнсе, мемлекет қоғамдық қауіпсіздік пайдасына шешім қабылдауға міндетті", - деп түйіндеді Еділ Жаңбыршин.

Өзгерістер
Заң жобасында қаңғыбас жануарлар санын реттеудің қолданыстағы тәсілін қайта қарау ұсынылады, депутаттардың бағалауынша, ол күтілген нәтиже бермеген.
Атап айтқанда, қайтарымды аулаудан бас тартып (жануарларды ұрықсыздандырып, вакциналағаннан кейін көшеге қайта жіберу), қайтарымсыз аулауға көшу ұсынылып отыр.
Сондай-ақ түзетулер ауланған жануарларды уақытша ұстау пунктеріне міндетті түрде өткізуді, қаңғыбас жануарларды бюджет есебінен вакциналаудан бас тартуды және эвтаназияны қолдану аясын кеңейтуді қарастырады.
Сонымен қатар құжат панажайлар мен ұстау пунктеріне қоғамдық бақылау енгізеді, әкімдіктердің өкілеттіктерін нақтылап, үй жануарларын есепке алу, чиптеу, өсіру және ұстау талаптарын белгілейді.
Мән-жайы
Бұған дейін Қазақстанда иесіз жануарлар үшін "таймер" енгізу - панажайларда ұстаудың шектеулі мерзімін белгілеу ұсынылған болатын: қаңғыбас жануарлар үшін 5 күнге дейін және үй жануарлары үшін 60 күнге дейін. Егер осы уақыт ішінде оларды ешкім алмаса, эвтаназия жасауға болады.
Экология министрлігінің өкілдері мұндай шараларды қолданыстағы аулау – ұрықсыздандыру – вакциналау – босату жүйесінің тиімсіздігімен түсіндірді: олардың мәліметінше, жануарлар үйір болып жиналып, адамдарға қауіп төндіріп отыр.
Сондай-ақ түзетулер үй жануарларын міндетті түрде чиптеуді, қатыгездік танытқаны үшін жауапкершілікті қатаңдатуды және оларды өсіруді реттеуді қарастырады.
Алайда қоғамның бір бөлігі бұған қарсы шығып отыр. Жануарларды қорғаушылар мұндай шаралар іс жүзінде жануарларды жаппай қыруды заңдастырады деп есептейді және оның орнына панажайлар желісін дамытып, иелеріне бақылауды күшейтуді және жүйелі профилактика жүргізуді ұсынады.
"Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" заң 2021 жылы қабылданған болатын, алайда сарапшылар мен қоғам белсенділерінің пікірінше, оның көптеген нормасы әлі күнге дейін толық жұмыс істемей тұр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus