Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда алаяқтықтың жаңа схемасы әшкере болды

Қаржылық мониторинг агенттігі Бас прокуратураның үйлестіруімен фишингтік SMS хабарламаларды жаппай таратумен айналысқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
ТМД аумағындағы алғашқы жағдай
Ведомство ақпараты бойынша, бұл - ТМД елдерінің аумағында мұндай схеманың жолы кесілген алғашқы жағдай. Қаскөйлер мобильді байланыстың базалық станцияларының жұмысын имитациялайтын арнайы құрылғы - SMS-бластерді пайдаланған. Аппаратура 300 метр радиуста күшті сигнал беріп, абоненттердің телефондарын автоматты түрде қауіпсіздігі төмен желіге қосылуға мәжбүрлеген.

"Мұндай құрылғы байланыс операторларының қорғанысын айналып өтуге және сағатына 100 мыңға дейін хабарлама жіберуге мүмкіндік берді. Қамту аймағын кеңейту және құпиялылықты сақтау мақсатында жабдық автокөлікке орналастырылып, қозғалыс кезінде, негізінен халық көп жиналатын жерлерде - базарларда және сауда-ойын-сауық орталықтарының маңында пайдаланылған", - деп хабарлады ҚМА.

Схема қалай жұмыс істеген?
SMS-бластер арқылы пайдаланушылардың телефондарына банктің бірінен бонустарды айырбастау туралы ұсыныс жазылған жалған хабарламалар бірден келіп түскен. Сілтеме бойынша өткен кезде дербес деректерді: телефон нөмірін, аты-жөнін, банк картасының деректемелерін, CVV-кодты және SMS-растауды талап ететін фишингтік сайттар ашылған. Бұл қаскөйлерге азаматтардың банктік қаражаттары мен құпия ақпараттарына қол жеткізуге мүмкіндік берген.

"Уақтылы жүргізілген жедел-тергеу амалдарының арқасында топ схеманы жүзеге асырудың бастапқы кезеңінде анықталып, ұсталды. Бұл ауқымды алаяқтықтың алдын алуға және азаматтардың қомақты қаржылай шығынға ұшырамауына мүмкіндік берді", - делінген хабарламада.

Қазіргі уақытта төрт күдікті ұсталып, қамауға алынды. Тергеу жалғасып жатыр.

Осыған байланысты ҚМА азаматтарды цифрлық қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады. Атап айтқанда, күмәнді сілтемелерді баспауға, тексерілмеген ресурстарға жеке және банктік ақпаратты енгізбеуге және ақпаратты тек ресми дереккөздер арқылы тексеруге шақырды. Банк және телекоммуникация операторларының қызметкерлері құпия деректерді SMS хабарламалар немесе үшінші тарап сілтемелері арқылы сұрамайтынын есте сақтаңыз.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus