Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Tesla Cybertruck-пен кімдер және қалай құтқарылды? ТЖМ айтып берді

Төтенше жағдайлар министрлігі былтыр сатып алған Tesla Cybertruck көлігі қалай пайдаланылып жатқаны туралы айтып берді. Осы уақыт ішінде электромобиль құтқару операцияларына қанша рет қатысты, құтқарушылар онымен қайда шықты және ТЖМ мұндай көліктер паркін кеңейтуді жоспарлап отыр ма? Толығырақ Tengri Auto материалынан оқыңыздар.
Tesla Cybertruck неше рет пайдаланылды
ТЖМ біздің ресми сауалымызға берген жауабында Tesla Cybertruck сатып алынған сәттен бастап үш рет қолданылғанын - тауда эвакуациялау жұмыстарын жүргізу кезінде пайдаланылғанын хабарлады. Оның ішінде бір рет түнгі уақытта қолданылған.
Сондай-ақ көлік төтенше жағдайлар кезінде жетуі қиын аудандарда жұмыс істеу үшін "мобильді командалық-барлау пункті" ретінде пайдаланылады.

"Оны пайдалану ерекше қорғалатын таулы аумақтар үшін белгіленген экологиялық талаптарды сақтай отырып жүзеге асырылады", - деп атап өтті министрліктегілер.

ТЖМ мәліметінше, көлікті таңдау кезінде жұмыс жағдайлары мен қоршаған ортаға әсерді азайту қажеттілігі ескерілген, сондықтан таңдау Tesla Cybertruck-қа түскен. Ведомство автомобильге қойылатын техникалық талаптар таулы және климаттық жағдайларды ескере отырып қалыптастырылғанын нақтылады.

"Белгіленген талаптар функционалдық сипатта болды және соның ішінде жоғары өтімділікті, автономияны, сенімділікті, заманауи қауіпсіздік, байланыс және навигация құралдарының, сондай-ақ авариялық-құтқару жабдықтарын орналастыруға арналған жүк бөлігінің болуын қарастырды", - делінген жауапта.

Автомобильдің жабдықталуы
Tesla Cybertruck байланыс және құлақтандыру құралдарымен, спутниктік интернетпен, қорғалған есептеу техникасымен, жылувизоры мен оптикасы бар квадрокоптермен, құтқару жабдықтарымен және автономды қуат көздерімен жабдықталған, деп хабарлады ТЖМ.
Бұл жағдайға бастапқы барлау жүргізуге, шұғыл қызметтердің іс-қимылын үйлестіруге, жабдықтарды жеткізуге, төтенше жағдай орынында мобильді басқару пунктін кеңейтуге және бірінші кезектегі авариялық-құтқару жұмыстарын орындауға мүмкіндік береді.
Автомобиль Алматының таулы жерлерінде және туристер мен альпинистер жиі болатын іргелес аудандарда іздестіру-құтқару және авариялық жұмыстар үшін қолданылады.
Tesla Cybertruck-тың кемшіліктері бар ма
ТЖМ Tesla Cybertruck-ты төтенше жағдайларда пайдалану кезінде шектеулер мен кемшіліктер анықталмағанын мәлімдеді. Сонымен қатар ведомство төтенше жағдайларға ден қою үшін басқа да техникалар пайдаланылатынын атап өтті.
ТЖМ жаңа Tesla сатып алуды жоспарлап отыр ма
Бюджет есебінен осындай автомобильдерді сатып алу мәселесі әзірге ашық қалып отыр.

"Осындай көлік құралдарын сатып алу туралы шешім пайдаланудың кешенді талдауы мен қолдану тиімділігін бағалау нәтижелері бойынша қабылданатын болады", - деп түйіндеді ведомство.

Қызмет көрсету шығындары
ТЖМ ақпараты бойынша, Tesla Cybertruck автомобиліне техникалық қызмет көрсету шарттық міндеттемелер аясында жеткізушінің қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Электромобиль өзі орналасқан жердегі базалық зарядтау станциясынан қуат алады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus