Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Трамп Пәкістанның өтінішінен кейін Иранға соққы жасауды екі аптаға тоқтатады

АҚШ президенті Дональд Трамп Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шарифтің өтінішінен кейін Иранға соққы жасауды екі аптаға тоқтата тұруға келіскенін мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бұл туралы Америка көшбасшысы Х әлеуметтік желісінде жазды.

"Пәкістан премьер-министрі Шехбаз Шариф және фельдмаршал Асим Мунирмен өткен келіссөздер негізінде, олардың бүгін түнде Иранға қарсы бағытталған жойқын күш қолданудан бас тартуымды сұрауына байланысты, сондай-ақ Иран Ислам Республикасы Ормуз бұғазын толық, дереу және қауіпсіз ашуға келіскен жағдайда, мен Иранды бомбалау мен шабуылдауды екі аптаға тоқтата тұруға келісемін", - деп түсіндірді ол.

Оның айтуынша, бұл екіжақты оқ атуды тоқтату режимі болмақ.

"Бұл шешімнің себебі - біз барлық әскери мақсаттарға қол жеткізіп, одан да асып түстік. Сондай-ақ Иранмен ұзақ мерзімді бейбітшілік және Таяу Шығыстағы тыныштық туралы түпкілікті келісім жасасуда айтарлықтай ілгерілеушілікке қол жеткіздік", - деді Трамп.

Президент Вашингтонның Тегераннан 10 тармақтан тұратын ұсыныс алғанын және оны "келіссөздер үшін жұмыс негізі" деп санайтынын хабарлады.

"АҚШ пен Иран арасындағы бұрынғы келіспеушіліктердің барлық дерлік негізгі мәселелері бойынша ортақ мәмілеге қол жеткізілді, алайда екі апталық мерзім келісімді толық аяқтап, ресімдеуге мүмкіндік береді. АҚШ атынан президент ретінде, сондай-ақ Таяу Шығыс елдерінің мүддесін білдіре отырып, осы көпжылдық мәселенің шешілуге жақын қалғанын мәртебе санаймын. Бұл мәселеге көңіл бөлгендеріңізге алғыс айтамын", - деп толықтырды ол.


Еске сала кетейік, Пәкістан премьері АҚШ президентіне Иран бойынша шешімді екі аптаға кейінге қалдыру туралы Трампқа өтініш білдірген болатын. Ол өтініш жазылған жазбаны Х әлеуметтік желісінде жариялады. Сондай-ақ ол Иранды ізгі ниет белгісі ретінде Ормуз бұғазын екі апталық мерзімге ашуға шақырды.
Бірнеше сағат бұрын АҚШ лидері Иранға сес көрсетіп, оны жойып жіберетінін айтты. Ол Truth Social әлеуметтік желісінде "бүгін түнде тұтас бір өркениеттің жойылуы" туралы үрейлі жазба жариялады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus