Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Шерзат Болаттың өлімі - сотталғандардың екеуі ақтауды сұрап отыр

Шерзат Болаттың (Полат) өліміне қатысты сотталғандар өзін толық ақтауды сұрады. Бұл туралы жәбірленушілердің мүддесін қорғайтын адвокат Мейірман Шекеев айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Адвокат кеше видеоүндеу жариялап, онда сотталған Азамат Тоқтаубаев пен Дидар Қалиахметовтің шағым түсіргенін айтты. Екеуі де үкіммен келіспейді және өздерін ақтауды сұрап отыр.

"Шерзаттың ісі бойынша кассациялық шағымдар келіп түсіпті. Бірақ кассациялық шағымдарды қазір ғана алуға мүмкіндік туды. Ал сот ертеңге (яғни 7 сәуірге — ред. еск.) тағайындалған екен", - деді Шекеев.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

ХАЛЫҚ ЗАҢГЕРІ (@meir_halyq_zangeri) жарияланымы


Еске сала кетейік, 2025 жылғы мамырда сот айыптау үкімін шығарды, оған сәйкес 24 жастағы Азамат Тоқтаубаев 15 жылға, ал Дидар Қалиахметов 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын.

Шерзат Полаттың өлімі
2024 жылғы 4 қазанда түнде Талғарда жасөспірімді аяусыз өлтіріп кеткені. 16 жастағы Шерзат Полат дүкенде әкесіне көмектесіп жүргенде, сатып алушымен жанжал туындаған. Ол таныстарына қоңырау шалып, келген топ Шерзатты, оның әкесі мен ағасын соққыға жығып, пышақ пен мылтық қолданған. Кісі өлтіру ісін тергеуді ішкі істер министрі Ержан Сәденов бақылауына алды. Талғарға ІІМ-нен арнайы топ жіберілді.
2025 жылғы 5 шілдеде сот Шерзат Полаттың өліміне қатысты іс бойынша тоғыз сотталушыға үкім шығарды.
Тергеу мәліметінше, Шерзатқа өлімге әкеп соққан пышақ жарақатын салған басты айыпталушы Абзал Шынасыл орташа қауіпсіздік колониясында 23 жыл бас бостандығынан айырылды. Ол тағылған барлық бап бойынша кінәлі деп танылды.
Равиль Сакиев "Адам өлтіруге оқталу" және "Бұзақылық" баптары бойынша кінәлі деп танылып, 20 жыл бас бостандығынан айырылды.
Азамат Тоқтаубаев бұрынғы ауыр қылмысы үшін соттылығы мен өтелмеген жазасын ескере отырып, "Бұзақылық" және "Ұрлық" баптары бойынша орташа қауіпсіздік мекемесінде 15 жылға сотталды.
Нұрқияс Ілиясов бұрынғы соттылығы мен өтелмеген жазасы ескеріле отырып, "Бұзақылық" бабы бойынша 9 жыл бас бостандығынан айырылды.
Шыңғыс Белғожаев, Дархан Әскентай, Нұрбол Тоқтаубаев, Дидар Қалиахмет "Бұзақылық" бабы бойынша әрқайсысы жеті жылға сотталды.
Кәмелетке толмаған Д. Ы. Қылмыстық кодекстің 434-бабы ("Қылмыс туралы хабарламау") бойынша 1 жыл 6 ай жазаға тартылып, 25 шілдеде бостандыққа шықты, себебі оған қатысты бұлтартпау шарасының күші жойылды.
Былтыр тамызда сот алқасы Шерзат ісі бойынша сотталған сегіз адамға қатысты үкімді күшінде қалдырды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus