Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Астана тұрғыны құтыруға қарсы вакцина таба алмаған - ДСМ не дейді?

Астана тұрғыны әлеуметтік желіде құтыруға қарсы вакцина таба алмай жүргеніне шағымданды. Ол мемлекеттік емханаларда препараттың жоқ екенін жазған. TengriHealth тілшісі бұл вакцинаға қатысты мәселе бар-жоғын анықтап көрді.
Не болған?
Әлеуметтік желілерде туысқанына құтыруға қарсы вакцина іздеп жүрген Астана тұрғынының жазбасы жарияланды.

"Сіңілімді ит қауып алды, құтыру ауруы расталды! "Рабивакс" вакцинасы қажет. Қазақстан бойынша мемлекеттік мекемелерде ол жоқ деп айтты! Алматыдан жеткізушілерді таптым, бірақ олар тек лицензиясы бар заңды тұлғаларға ғана сататынын айтты. Осындай вакцинаны сатып алуға лицензиясы бар емхана қажет!" - деп жазды әйел әлеуметтік желіде.

Мемлекеттік органдар не дейді?
Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитеті бізге құтыруға қарсы инактивацияланған дақылдық вакцинаны (құтыруға қарсы вакцинаның толық атауы - ред. еск.) "СК-Фармация" ЖШС орталықтандырылған түрде сатып алып, медициналық ұйымдарға жоспарлы түрде жеткізіп отыратынын хабарлады.

"2025 жылға бірыңғай дистрибьютор өңірлік денсаулық сақтау басқармаларының өтінімдеріне сәйкес 165 000 құты көлемінде вакцина сатып алды, өткен кезеңнен қалған қалдықты есепке алғанда медициналық ұйымдарға 194 070 құты жөнелтілді. Жеткізу екі кезеңде - сәуір және қыркүйек айларында жүзеге асырылды. Барлық мәлімделген көлем еліміздің медициналық ұйымдарына уақтылы жеткізілді", - деп түсіндірді комитет өкілдері.

Бұдан бөлек, 2026 жылға 207 955 құты сатып алынды деп толықтырды ведомство. Вакциналарды бөлу бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі: 2026 жылға арналған толық көлемді биылғы 15 сәуірге дейін жеткізу жоспарланып отыр.

"Бүгінде вакцина Қазақстан Республикасы аумағында және қажетті процедуралардан (сертификаттау, таңбалау) өткеннен кейін алдағы апта ішінде бірыңғай дистрибьютордың хабтарына жеткізіледі, содан кейін өңірлердің өтінімдеріне сәйкес медициналық ұйымдарға жөнелтіледі", - деді ведомство өкілдері.

Комитеттегілер құтыруға қарсы вакцина кесте бойынша жылына екі рет - сәуір және қыркүйек айларында жөнелтілетінін, бірақ бұл уақытқа дейін алдыңғы жеткізілімнен қалған қор болатынын түсіндірді. Сондай-ақ, аталған препарат бойынша тапшылық қаупі болжанып отырған жоқ деп атап өтті.
Біз қазір Астанада вакцинаның бар-жоғын нақтыладық. Мамандар елордада құтыруға қарсы екпе бар екеніне сендірді.

"Егер қандай да бір өңірде ол болмаса, біз вакцинаны басқа облыстан тасымалдауға дайынбыз - бірақ мұндай сұраныс түскен жоқ", - деп толықтырды комитеттегілер.

Вакцина болмаса, қайда шағымдануға болады?
Ведомство өкілдері вакцинаға мұқтаж және оны ала алмай жүрген пациент өз өңіріндегі денсаулық сақтау басқармасына жүгінуге құқылы екенін айтты. Егер кері байланыс немесе шешім болмаса, Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне жазуға немесе хабарласуға болады:

1439 байланыс орталығы - тәулік бойы жұмыс істейді.
sk-pharmacy.kz сайтындағы комитет басқарма төрағасының блогы.
Әлеуметтік желілердегі ресми парақшалар.
Астанадағы баспасөз қызметінің жұмыс телефондары: (7172) 78-99-68, 90-61-82. Қоңыраулар жұмыс күндері сағат 09:00-ден 18:30-ға дейін қабылданады.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus