Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Адам өлтіріп, өзі 25-қабаттан секіріп кеткен. Бишімбаев ісі бойынша судья жаңа процесті жүргізіп жатыр

Астанада бірге тұрған әйелін өлтірді деп айыпталған Ержан Иманқұловтың ісі бойынша сот өтіп жатыр. Істі Қуандық Бишімбаевтың соты арқылы танылған судья Айжан Құлбаева қарайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Не болды?
37 жастағы ер адамға бірге тұрған әйелін асқан қатыгездікпен өлтірді деген айып тағылған. Қайғылы оқиға 2025 жылғы 19 маусымда Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде болған.
Тергеу нұсқасы бойынша, азаматтық некеде болған екеуі арасында жанжал шығып, салдарынан ер адам әйелге пышақ сұққан. Содан кейін 25-қабаттан секіріп кетіп, тұрақта тұрған көліктің үстіне құлаған. Ер адам ауруханаға жеткізіліп, аман қалды.
Қылмыстық іс ерекше қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру дерегі бойынша тергелдген.
Судья Айжан Құлбаева / Фото © Tengrinews.kz
Істің мәні неде?
Қазір сот жаза мәселесін емес, айыпталушының ақыл-есі дұрыстығы мәселесін қарап жатыр. Әңгіме Иманқұловтың қылмыстық жауапкершілікке тартылуы немесе мәжбүрлі түрде емдеу шараларын қолдану арқылы одан босатылуы мүмкіндігі туралы болып отыр. Сотталушы қорғаушыларының негізгі уәжі — 2025 жылғы 26 желтоқсандағы кешенді психологиялық-психиатриялық сараптама.
Жәбірленуші тараптың адвокаты Асылбек Исмағамбетовтің айтуынша, сарапшылар сотталушы қылмыстық жауапкершілікке тартылуға жатпайды деген тоқтамға келген.

"Иманқұлов созылмалы психикалық аурумен ауырады, оған тағылған іс-әрекет кезінде уақытша психикалық бұзылу жағдайында болған және өз іс-әрекеттерінің нақты сипаты мен қоғамдық қауіптілігін сезіне алмаған, оларға ие бола алмаған.
Қазіргі уақытта тергеу мен сот алдында жауап бере алмайды және қорғалу құқығын жүзеге асыруға қабілетсіз. Сот оны қылмыстық жауаптылықтан және жазадан медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылатын адам ретінде босату мүмкіндігі мәселесін шешеді", - деді адвокат.

Фото © Tengrinews.kz
Сараптама төңірегіндегі дау
Жәбірленуші тарап соңғы сараптама қорытындысымен келіспейді және қайта зерттеуді талап етіп отыр. Сотта бұған дейінгі екі сараптама есі дұрыс еместігі туралы нақты жауап бермегені, алайда үшіншісі бұлтартпас қорытындыға келгені айтылды.
Сонымен қатар, жәбірленуші тарап айыпталушының есі дұрыс еместігі туралы қорытынды оның құлаған кезде алған ауыр бас-сүйек жарақатынан кейінгі жағдайын ескере отырып жасалуы мүмкін екенін алға тартады.
Сондай-ақ маманның баламалы талдауы ұсынылды, оған сәйкес қылмыс жасалған сәтте айыпталушы өз іс-әрекетін түсініп, оған ие бола алған. Бұл ретте жәбірленуші тараптың айтуынша, қорғаушы тарап та, мемлекеттік айыптаушы да қайта сараптама тағайындауға қарсы шығып отыр.
Фото © Tengrinews.kz
Марқұмның әпкесі не дейді?
Қаза болған әйелдің әпкесі Алуа Сайдалина отбасы объективті тергеуді талап ететінін мәлімдеді.

"Егер оның (сотталушының — еск.) шынымен қандай да бір психикалық ауытқулары болса, емделсін. Бірақ сараптама басқаны көрсетсе ол сот алдында жауап беріп, істегені үшін жазасын алуы тиіс. Біз әділдікті сұраймыз", - деді ол.

Әйелдің айтуынша, олардың есте сақтау қабілетінен айырылу туралы қорытындыға күмәні бар.

"Маған оның тек өзіне тиімсіз тұстарды ғана ұмытып қалғаны күмәнді көрінеді. Ол өмірінің басқа бөліктерін есінде сақтаған, бірақ қылмыс болған күнді білмейді", - деп толықтырды Сайдалина.

Сондай-ақ ол айыпталушының өзі істі "Аффект жағдайында жасалған кісі өлтіру" деген жеңілірек бапқа қайта саралауды талап етіп отырғанын айтты.

"Меніңше, ол жауапкершіліктен қашып жүрген есі дұрыс адам", - деді марқұмның әпкесі.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus