Күн суытады: алдағы күндері Астана мен Алматыда ауа райы қандай болады?
"Қазгидромет" синоптиктері Астана мен Алматыда алдағы үш күнде - 7, 8 және 9 сәуірде ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Астанадағы ауа райы болжамы
7 сәуірде күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, кейін оңтүстік-батысқа ауысады, түнде 3-8 м/с, күндіз секундына 9-14 метр жетеді. Ауа температурасы түнде +4...+6 градус, күндіз +18...+20 градус болады.
8 сәуірде күн бұлтты, күндіз жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел солтүстік-шығыстан, шығыстан секундына 9-14 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +3...+5 градус, күндіз +15...+17 градус болмақ.
9 сәуірде күн бұлтты, кей жерлерде жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел шығыстан соғып, батысқа ауысады, жылдамдығы 9-14 м/с, екпіні секундіне 15-20 метр құрайды. Ауа температурасы түнде +4...+6 градус, күндіз +12...+14 градус.
Алматыдағы ауа райы болжамы
7 сәуірде күн бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел оңтүстік-шығыстан секундвна 3-8 метр жылдамдықпен соғады. Ауа температурасы түнде +11...+13 градус, күндіз +23...+25 градус.
8 сәуірде күн бұлтты, кешке қысқа мерзімді жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел оңтүстік-шығыстан 3-8 м/с, күндіз екпіні секундына 15 метр жетеді. Ауа температурасы түнде +11...+13 градус, күндіз +21...+23 градус.
9 сәуірде күн бұлтты, қысқа мерзімді жаңбыр жауып, күн күркірейді. Жел батыстан 3-8 метр, кей жерлерде екпіні секундына 15-18 метрге жетеді. Ауа температурасы түнде +9...+11 градус, күндіз +15...+17 градус жылы болады.
Қазақстанда күн күрт суытады
Бұған дейін синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда тұрақсыз ауа райы күтілетінін айтқан болатын. Жаңбыр жауады, солтүстікте, солтүстік-батыста жауын-шашын (жаңбыр, қар), батыста, оңтүстікте кей жерлерде нөсер, солтүстікте қатты жауын-шашын болады. Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-батысында күндіз ауа температурасы 3-15 градус жылыға дейін төмендейді деп күтіледі.