Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Доллар бағамы 2024 жылғы маусым деңгейіне дейін төмендеді

6 сәуірде Қазақстанда өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша доллар бағамы қандай болды? Бұл туралы толығырақ - Tengrinews.kz материалында.
Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 4,07 теңгеге төмендеп, 466,33 теңгеге тең болды. Айта кетерлігі, бұл – доллар 466 теңгеге дейін түскен 2024 жылғы маусымнан бергі ең төменгі көрсеткіш.
Ұлттық банктің 6 сәуірдегі ресми бағамы 470,46 теңге болды.
Айта кетейік, 6 сәуірде таңертең Қазақстанның ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы күрт төмендеді. kurs.kz мәліметтеріне сүйенсек, қазіргі уақытта Астана мен Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың орташа бағамы мынадай болды:
Алматыдағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллар бағамы

сатып алу – 462,76 теңге;
сату – 465,22 теңге.

Астанадағы ақша айырбастау пунктеріндегі доллар бағамы

сатып алу – орташа есеппен 463,00 теңге;
сату – 470,00 теңге.

Теңге бағамына не әсер етеді?
Бұған дейін журналистер Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтен доллар бағамы неге төмендеп жатқанын және мұның қазақстандықтарға қалай әсер ететінін сұраған еді. Ол ұлттық валютаның нығайып жатқанын түсіндірді: еліміздің негізгі экспорттық тауары - мұнайдың (экспорттық түсімнің 50 пайыздан астамы) бағасы өсіп жатыр, бұл нарықтағы валюта ұсынысын арттырады. Соның салдарынан доллар бағамы құлдырады.
Сүлейменов Ұлттық банктің инвестициялық кеңес бермейтінін, ал қазақстандық теңгенің өз тұрақтылығын дәлелдегенін атап өтті. Былтырғы қорытынды бойынша теңге жоғары табыстылық көрсетіп, тәуекел мен табыс арақатынасы тұрғысынан әлемдегі ең тартымды валюталардың бірі ретінде танылып, инвестиция тартып жатыр.
Бұған дейін Ұлттық банк теңге бағамының қазіргі динамикасы 2026 жылдың басынан бері жалғасып келе жатқан ұлттық валютаның нығаюын көрсететінін түсіндірді. Ақпанда бұл үрдіс айтарлықтай қарқын алды. Ұлттық банк мәліметінше, валютаның нығаюы объективті нарықтық факторларға негізделген, ол жекелеген сыртқы оқиғаларға берілген қысқа мерзімді реакция емес.
Ұлттық банк өкілдері икемді айырбас бағамы режимін ұстану жалғасатынын, бұл теңгерімсіздіктің алдын алып, алтын-валюта қорын сақтауға көмектесетінін айтты.
Еске салсақ, 6 наурызда Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешім қабылдаған болатын. Ол +/- 1 пайыздық тармақ дәлізімен жылдық 18 пайыз деңгейінде өзгеріссіз қалды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus