Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда доллар тағы арзандады

Қазақстанның ақша айырбастау пунктерінде доллар бағамы төмендеп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Долладың 6 сәуірдегі бағамы

Сағат 11:20-дағы жағдай бойынша Астанадағы ақша айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 471 теңгеден сатылып, 464 теңгеден сатып алынып жатыр. Алматыда америкалық валютаны сату бағасы 467 теңгеде болса, сатып алу орта есеппен 464 теңгеден.

Айта кетейік, 3 сәуірде Қазақстан қор биржасындағы (KASE) күндізгі сауда-саттық қорытындысы бойынша доллардың орташа сараланған бағамы 470,46 теңге болып, 1,96 теңгеге төмендеді.

Сол күні Астананың ақша айырбастау пунктерінде доллар орта есеппен 474 теңгеге сатылып, 467 теңгеден сатып алынды. Алматының ақша айырбастау пунктерінде доллардың орташа сату бағамы - 471,21 теңге, ал сатып алу бағамы 468,55 теңгеге жеткен.

Доллардың 6 сәуірдегі ресми бағамы

Ұлттық банктің 6 сәуірдегі ресми бағамы 470,46 теңгеге тең.

Теңге бағамына не әсер етеді?

Бұған дейін журналистер Ұлттық банк төрағасы Тимур Сүлейменовтен доллар бағамы неге төмендеп жатқанын және мұның қазақстандықтарға қалай әсер ететінін сұраған еді. Ол ұлттық валютаның нығайып жатқанын түсіндірді: еліміздің негізгі экспорттық тауары - мұнайдың (экспорттық түсімнің 50 пайыздан астамы) бағасы өсіп жатыр, бұл нарықтағы валюта ұсынысын арттырады. Соның салдарынан доллар бағамы құлдырады.

Сүлейменов Ұлттық банктің инвестициялық кеңес бермейтінін, ал қазақстандық теңгенің өз тұрақтылығын дәлелдегенін атап өтті. Былтырғы қорытынды бойынша теңге жоғары табыстылық көрсетіп, тәуекел мен табыс арақатынасы тұрғысынан әлемдегі ең тартымды валюталардың бірі ретінде танылып, инвестиция тартып жатыр.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus