Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Шығыс Қазақстан облысындағы “ішімдікке әуес” ауыл аталды

Шығыс Қазақстан облысының Алтай ауданындағы полицейлер ішімдікке әуес елді мекенді атады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі YK-news.kz сайтына сілтеме жасап.
Зубовск кенті - бұл тізімде көшбасшы. Бұл елді мекен мас күйде жасалған құқықбұзушылықтар саны бойынша аудан ішінде алдыңғы орынға шыққан.
Алтай аудандық полиция бөлімінің бастығы Денис Ерімбесовтің айтуынша, қылмыстар мен құқықбұзушылықтардың басым бөлігі ішімдікпен тікелей байланысты.

"Жедел ахуалды талдау көрсеткендей, көп жағдайда құқықбұзушылыққа алкоголь себеп болады. Ішімдікке масайған адам өзін-өзі бақылаудан айырылады, ашуға ерік береді, соның салдарынан түрлі заңбұзушылыққа барады. Алдын алу жұмыстары жүргізілгенімен, заңсыз сауда деректері әлі де тыйылмай тұр. Атап айтқанда, лицензиясыз, тіпті тұрғын үйлердің ауласынан алкоголь сату деректері кездеседі. Белгіленбеген уақытта сауда жасаудың 24 дерегі және лицензиясыз сатудың тағы 24 дерегі анықталды", – деді ол.

Алтай ауданы облыста алкогольді көп тұтынатын қолайсыз өңірлердің бірі саналады. Ал Зубовск кенті аудан ауылдарының ішінде "ішімдік көп ішілетін елді мекен" деген бейресми атауға ие болып отыр.
2026 жылы "салауатты ауыл" бастамасына тағы бір елді мекен – 74 адам тұратын Селезневка станциясы қосылды.
Полиция өкілдерінің айтуынша, алкогольге әуес адамдармен жұмыс тұрақты түрде жүргізіледі. Олар уақытша бейімдеу және айықтыру орталығына жеткізіліп, медициналық тексеруден өтеді. 2025 жылы мұндай мекеме арқылы үш мыңнан астам адам өткен. Ал ауданның 16 тұрғыны сот шешімімен алкогольге тәуелділіктен мәжбүрлі ем алуға жіберілген.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus