Еліміздегі инфляция деңгейі
Алдымен, инфляцияның не екеніне көз жүгіртсек. Инфляция бұл тұрақты түрде бағаның жыл сайын өсуі. Қандай да бір елдің экономикасы даму үшін тұрақты түрде бағаның өсуі шарт. Яғни, бірдей ақшаға бұрынғыдан аз зат сатып алуға болады. Бұл ақшаның сатып алу қабілетінің төмендеуін білдіреді. Инфляцияның өсуі ең алдымен қарапайым халыққа әсер етеді. Азық-түлік, коммуналдық қызметтер және күнделікті қажетті тауарлар қымбаттаған сайын, адамдардың нақты табысы төмендейді. Нәтижесінде, бұрынғы өмір сүру деңгейін сақтау қиындай түседі. Мысалы, бір жыл бұрын 10 000 теңгеге алынатын азық-түлік себеті бүгін 11 000–12 000 теңгеге дейін қымбаттауы мүмкін.
Ал бұл не себепті пайда болады? Негізгі себептері: сұраныстың артуы, шығындардың өсуі, ақша массасының көбеюі және...