Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

NASA Жердің таңғажайып суреттерін жариялады

АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш кеңістігін зерттеу басқармасы (NASA) әлеуметтік желілерде Жердің таңғажайып суреттерін жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Artemis II басқарылатын ғарыш миссиясының экипажы иллюминатор арқылы түсірген мына бір суретте Жердің түн мен күнді бөліп тұратын терминатор деп аталатын шекарасы бейнеленген.
Тағы бір суретте планетамыздың жиегін күн сәулесі нұрландырып тұрғанын көруге болады.
Үшінші суретте Жер толығымен көк және қоңыр түстің реңктерінде көрінеді. Сондай-ақ поляр шұғыласының жасыл түсті жарқылы байқалады.

"Планета бозғылт көк түсті, ақ бұлттар мен шағылысқан жарықтан пайда болған нәзік көгілдір шұғыла көрінеді. Сағат тілімен шамамен "8 бен 9 арасындағы" секторда үлкен қоңыр алқап - Африка, ал планетаның иінінде Пиреней түбегінің оты жыпылықтайды. Сағат "1 тұсында" беткі қабаттан сәл бөлінген поляр шұғыласының жіңішке жасыл жарқылы байқалады. Жер қап-қара ғарыш аясында орналасқан", - деп сипаттайды бұл суретті NASA.













Instagram-дағы бұл жарияланымды көру

NASA (@nasa) жарияланымы


Artemis II - бұл NASA-ның Artemis бағдарламасы аясындағы алғашқы басқарылатын миссия. Осы жоба шеңберінде ғарышкерлер "Аполлон" бағдарламасынан бері алғаш рет Айға аттанады. Экипаж Айды қонбастан айналып өтіп, Жерге оралады. Негізгі міндет - болашақта Жер серігінің бетіне қону миссияларының алдында тіршілікті қамтамасыз ету жүйелері мен ұшу қауіпсіздігін тексеру.
Бұған дейін 1 сәуірде Флоридадағы Канаверал мүйісінен "Орион" ғарыш кемесінің бортында төрт ғарышкер отырған Artemis II басқарылатын ай миссиясы сәтті ұшырылғаны айтылды.
Экипаж құрамында - Рид Уайзман, Джереми Хансен, Кристина Кох және Виктор Гловер бар. Гловер - ай миссиясына қатысқан алғашқы афроамерикалық, ал Кох - алғашқы ғарышкер әйел болды. Олар 10 күн ішінде Айды айналып ұшып, Жерге оралуға тиіс.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus