ҚазҰУ кампусы – студенттің екінші үйі
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – еліміздегі ең ірі әрі беделді жоғары оқу орындарының бірі. Бұл университет тек сапалы білім берумен ғана емес, ерекше атмосферасымен де танымал. Әсіресе ҚазҰУ кампусы студенттер үшін жай ғана оқу орны емес, нағыз екінші үйге айналады. Мұнда әр студент өз орнын тауып, жаңа өмірге бейімделеді.
ҚазҰУ кампусының басты ерекшелігі – оның кең әрі көркем аумағы. Университет территориясы жасыл желекке толы, демалуға қолайлы орындармен жабдықталған. Заманауи оқу ғимараттары, үлкен кітапхана, спорт кешендері – барлығы студенттердің ыңғайлы білім алуына бағытталған. Кампуста жүрген әрбір студент өзін қауіпсіз әрі жайлы сезінеді. Бұл – оқу мен дамуға қолайлы орта қалыптастырады.
Кампус...