ҚазҰУ-да логистика мамандығын таңдаған менің жолым
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті – менің арманымдағы білім ордасы. Қазіргі таңда мен осы университеттің логистика мамандығы бойынша 1-курс студентімін. Алматы қаласында тұрамын және дәл осы оқу орнын таңдауыма бірнеше себеп болды. Ең алдымен, менің әкем логистика саласының маманы болғандықтан, бала кезден осы мамандыққа қызығушылығым оянды. Оның жұмысы арқылы логистиканың қаншалықты маңызды әрі жауапты сала екенін түсіндім. Сондықтан мен әкемнің жолын жалғастырып, осы бағытта кәсіби білім алуды мақсат еттім.
Мен ҚазҰУ-ды таңдадым, себебі бұл университет Қазақстандағы ең беделді жоғары оқу орындарының бірі. Әсіресе логистика мамандығы жақсы дамыған. Университетте заманауи оқу бағдарламалары, тәжірибелі оқытушылар және студенттердің кәсіби дамуына үлкен мүмкіндік...