Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Алматыда әкімдік маңында ретсіз қойылған көліктердің видеосы тарады - полиция не дейді?

Әлеуметтік желілерде Алматы әкімдігі ғимараты маңына ереже бұзып қойылған көліктердің фотосы қызу талқыланып жатыр. Қала тұрғындары жол қозғалысы ережелерінің ескерілмегеніне және полиция тарапынан реакцияның жоқтығына шағымданды, - толығырақ Tengrinews.kz материалында.
Не болды?
Көптің назарын аударған сурет Threads желісінде жарияланды. Кадрлардан көліктердің дәл "Тоқтауға тыйым салынады" белгісінің астына қойылғанын көруге болады.
Жазба авторы бұл көліктер әкімдік қызметкерлеріне тиесілі болуы мүмкін деген болжам жасады. Куәгердің айтуынша, оқиға орнында болған құқық қорғау органының қызметкері заңбұзушылықты таспаға түсіруге кедергі келтіруге тырысқан.
"Кейде үш қатар етіп қойып тастайды": қоғам реакциясы
Бұл жарияланым желіде үлкен талқылау тудырды.
Алматылықтардың пікірі екіге жарылды: бірі полиция заңбұзушылықтарға мән бермейді десе, екіншілері бұл жағдайды тұрақ тапшылығымен және қала орталығындағы қозғалысты ұйымдастыру мәселелерімен байланыстырады.

"Ол жерден әр 10-20 минут сайын патрульдік көлік өтеді де, жай ғана кете береді. Тіпті назар да аудармайды. Әкімдіктің кіреберісінде "крузактарды" кейде үш қатарға қойып тастаса да үндемейді"
"Енді олар әкімдікке қарама-қарсы кеңселердің алдындағы тұрақты да алып тастап жатыр, ешқандай балама нұсқа жоқ. Бұған дейін Желтоқсан көшесінің бойымен автобус жолағын салып, банктің алдындағы тұрақты алып тастады, енді адамдар 2-3 көше әрідегі тұрғын үй аулаларына көлік қоюға мәжбүр".

Полицияның жауабы
Алматы Полиция департаменті аталған жағдайға қатысты түсініктеме берді.

"Бейнежазбаға түсіп қалған жол қозғалысы ережелерін бұзған барлық жүргізушіге қатысты қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қолданылады және әрбір құқық бұзушы жауапкершілікке тартылады", – деп хабарлады ПД өкілдері.

Сондай-ақ полиция бұл учаскеде көлік құралдарының тоқтау және тұрақ тәртібін нақты реттейтін жол белгілері мен таңбалар орнатылғанын еске салды.

"Көлік құралдарын тоқтату және тұраққа қою ережелерін сақтамау Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 597-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады", – деп нақтылады баспасөз қызметі.

Әкімдік маңында 300-ге жуық заңбұзушылық тіркелген
Алматы ПД мәліметінше, жыл басынан бері тек осы учаскеде 300-ге жуық заңбұзушылық анықталған:

"Ондаған көлік құралы арнайы айыппұл тұрағына қойылды".

Сондай-ақ полиция бұл аумақта тұрақты түрде рейдтік және профилактикалық іс-шаралар жүргізіліп жатқанын сендірді.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus