Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Астанада Tesla тізгіндеген оқушы полицейлерден қашпақ болды

Астанада полицейлер 14 жастағы жасөспірім тізгіндеген Tesla электркөлігін тоқтатты. Мектеп оқушысы жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзған, деп хабарлайды Tengri Auto Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Құқықбұзушылық жедел басқару орталығының бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Жүргізуші полицейлердің тоқтау туралы заңды талабына бағынбай, қашуға тырысқан. Көлік ішінде онымен бірге кәмелетке толмаған досы болған.
Бұл оның алғашқы құқықбұзушылығы емес екені анықталды.
"Наурызда дәл осы көлікпен көптеген ереже бұзылып, соның ішінде қауіпті маневр жасалғаны тіркелген. Көлік құралы коммуналдық тұраққа қойылды", - деп хабарлады департаменттің баспасөз қызметі.

Полицейлер куәліксіз көлік айдау және басқару құқығы жоқ адамға көлік беру бойынша әкімшілік хаттамалар толтырды. Бұдан бөлек, мектеп оқушысының ата-анасы баланы тәрбиелеу жөніндегі міндеттерін орындамағаны үшін жауапқа тартылды.
Полиция өкілдері көлікті жүргізуші куәлігінсіз басқару заңды өрескел бұзу екенін және өзге адамдардың өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретінін ескертті.
Бұған дейін Алматыдағы қайғылы жол апаттарынан кейін депутаттар Қазақстан жолдарындағы мәселелер туралы пікір білдірген болатын. Мәжіліс депутаты Бақытжан Базарбек ережелерді жүйелі түрде бұзып, жауапкершілікке тартылмаймын "шенеуніктер мен бизнесмендердің балалары" туралы айтты. Сондай-ақ ол бүкіл ел бойынша полицияға ауқымды тексеріс жүргізуді ұсынды.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus