Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдау ережесі өзгереді

1 сәуірден бастап Қазақстанда мемлекеттік қызметке қабылдаудың жаңартылған тәртібі енгізіледі. Жаңа жүйе іріктеу процесін толыққанды цифрландырып, конкурс рәсімдерінің ашықтығы мен тиімділігін арттыруға бағытталған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Мемлекеттік қызмет істері агенттігіне сілтеме жасап.
Конкурсқа қатысу үшін кандидаттар өтініштерін eqyzmet.gov.kz порталы арқылы онлайн түрде береді. Бұл тәсіл уақытты үнемдеп, мемлекеттік қызметке кіруді барынша қолжетімді етеді.

"Мемлекеттік лауазымдарға кандидаттар конкурсқа қатысар алдында заңнаманы білуге арналған тестілеуден, сондай-ақ жеке қасиеттерін бағалау кезеңінен өтеді. Заңнамалық тест Конституция, "Мемлекеттік қызмет туралы" және "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" заңдар, сондай-ақ Әдеп кодексі бойынша жүргізіледі. 55 сұрақтан тұратын тестілеуде кемінде 30 дұрыс жауап беріп, әрбір нормативтік акт бойынша кемінде 5 дұрыс жауап көрсету қажет", - деп хабарлады агенттік.

Жеке қасиеттерді бағалау үш бағдарлама бойынша өткізіледі:

басшылық лауазымдарға арналған (10 құзырет);
басшылық емес лауазымдарға арналған (7 құзырет);
жұмыс өтілін талап етпейтін төменгі лауазымдарға арналған (эмоционалдық, әлеуметтік және логикалық қабілеттер).

Тестілеу нәтижелері бір жыл бойы жарамды. Кандидаттар жеке қасиеттерді бағалау тестін айына үш ретке дейін тапсыра алады. Конкурсқа ең жоғары балл жинаған ТОП-5 кандидат жіберіледі. Құжаттар жеке кабинет арқылы ұсынылады.
Басшылық лауазымдарға кандидаттар эссе жазып бейнебайланыс арқылы әңгімелесуден өтеді. Ал басқа лауазымдарға кандидаттар практикалық тапсырмалар орындайды (аналитикалық жазба, ресми хат дайындау, өтініштерді қарау).

"Жүйе барлық нәтижені автоматты түрде есептейді. Ең жоғары жиынтық балл жинаған кандидат жеңімпаз деп танылады. Балл тең болған жағдайда еңбек өтілі мен білім деңгейі ескеріледі", - делінген агенттік хабарламасында.

Жалпы іріктеу кезеңдерінің ашықтығы, объективтілігі мен әділдігін қамтамасыз ету мақсатында (әңгімелесу кезеңін қоспағанда) барлық кезеңде прокторинг қолданылады.
Жаңа тәртіпке сәйкес конкурс рәсімдерінің ұзақтығы айтарлықтай қысқарып, орта есеппен 5–7 жұмыс күнін құрайды (бұрын 23–30 күн).
Жалпы, жаңартылған жүйе мемлекеттік қызметке қабылдау процесін жеңілдетіп, оның ашықтығы мен әділдігін қамтамасыз етуге, сондай-ақ кәсіби кадрларды тартуға мүмкіндік береді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus