Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

ҚМА алаяқтықтың жаңа түрі туралы ескертті

Қаржылық мониторинг агенттігі алаяқтықтың жаңа деректері туралы ескертеді: қаскөйлер ресми өкілдің бейнесі бар дипфейктерді пайдаланып, ведомствоның жалған сайтын жасайды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Агенттіктің ресми өкілі атынан жарияланған видеода жәбірленуші инвестордың жалған оқиғасы баяндалады.

"Сценарий бойынша, қаражатты салғанна кейін, кірістің жоғарылап жатқаны көрсетіледі, бірақ ақшаны алу үшін комиссия, салық пен "тексерістер" төлеу талап етіледі. Бірнеше аударымнан кейін қаражатқа қол жеткізу бұғатталады. Одан бөлек, бұғатталған ақшаны банк және реттеуші органдар арқылы қайтару мүмкіндігі айтылады да, қолданушыға көмекке жүгіну ұсынылады. "Толығырақ" батырмасы "халық заңгері" деп аталатын чатқа апарады, онда қаражатты қайтару туралы жалған хат алмасу көрсетіледі", - деп хабарлады ведомство.


Сонымен қатар, алаяқтар ҚМА атынан жалған сайттар жасап, онда "жәбірленушілердің ақшасын қайтару" туралы ақпарат жариялаған.

"Сілтемеге өту кезінде пайдаланушылардан сауалнама толтыру сұралады (мысалы, "ақшаңызды қанша уақыт бұрын жоғалттыңыз?" деген сұраққа жауап беру). Кейін жеке мәліметтер - аты-жөні, телефон нөмірі, электронды пошта енгізіліп, "қайтару процесін бастау" батырмасын басу ұсынылады", - деп хабарлады ҚМА.

Қаржылық мониторинг агенттігі мұндай сайттардың барлығы, сауалнамалар мен формалар алаяқтық схемасы екенін ескертеді, олар азаматтардың жеке мәліметтерін жинап, қаражатты иемденуге бағытталған.
Ақпараттың шынайылылығын тексеру үшін Қаржылық мониторинг агенттігіне немесе тұрғылықты жердегі Экономикалық тергеп-тексеру департаментіне хабарласуға болады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus