Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Иранға қатысты бейбіт келіссөз 26 наурызда басталуы мүмкін

АҚШ және делдал елдер, Пәкістан, Египет пен Түркия, 26 наурызда Иранмен жоғары деңгейде бейбіт келіссөз өткізу мүмкіндігін талқылап жатыр. Алайда олар әлі Тегераннан жауап күтіп отыр. Келіссөз өтетін ықтимал орын ретінде бұрынғысынша Пәкістан астанасы - Исламабад аталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Израильдің 12-арнасына сілтеме жасап.
Басылым мәліметінше, Трамп соғысты тоқтатқысы келеді. Алайда Иранның Ормуз бұғазын бұғаттауы кез келген шығу жолын қарастыруды қиындатып отыр. АҚШ Израильге соғысты тоқтатуға арналған 15 тармақтан тұратын жоспар ұсынған, кейін оны Иранға берген. Вашингтон Тегеран осы тармақтардың көбімен келіскенін айтады, бірақ бұған нақты дәлел жоқ.

"Премьер-министр Биньямин Нетаньяху Трамп Израильдің мақсаттарына сай келмейтін, Иранға елеулі жеңілдіктер жасайтын және Израиль әскери күштерінің іс-қимыл еркіндігін шектейтін келісімге қол қоюы мүмкін деп алаңдайды. Мұны екі израильдік дереккөз хабарлады. Ал үшінші дереккөз Израильде Иранның АҚШ айтқандай жеңілдіктерге баруға дайын екеніне күмәнмен қарайтындар бар екенін айтты", — деп жазады басылым.

Жоспарда, атап айтқанда, Иранда уран байытуды толық тоқтату қарастырылған. Америкалықтар Иран уран байытуды уақытша тоқтатуға келіскенін айтады, бірақ оның қанша уақытқа созылатыны белгісіз.
Сонымен қатар, Иранның ресми өкілдері бейбіт келіссөздер бойынша байланыс басталғанын жоққа шығарады, бірақ АҚШ-тан хабарламалар мен ұсыныстар түскенін растайды.

"АҚШ-тың Таяу Шығыс жөніндегі арнайы өкілі Стив Уиткофф пен Трамптың күйеу баласы Джаред Кушнер Иранмен сенімді келіссөз арнасын орнатуға тырысты. Бірақ әзірге бұл әрекет нәтижелі бола ма және ол арна шынымен жұмыс істейтін арна бола ма, оны айтуға ерте", - деді америкалық дереккөз.

Америкалық және израильдік ресми тұлғалардың пікірінше, келіссөздер басталған күннің өзінде соғыс тағы екі-үш аптаға созылуы мүмкін.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus