Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Шахтинскідегі пәтерді өртеген адам ұсталды: полиция видео жариялады

Шахтинскідегі пәтерді өртеді деген күдікті ұсталды. Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұстау сәтінің видеосын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полиция мәліметінше, күдіктіні ұстау жоғары қауіп жағдайында өткен.

"Оқиға орнына келген полицейлер алғашқылардың бірі болып тұрғындарды дереу эвакуациялауға кірісті. Сол сәтте бесінші қабаттағы пәтерлердің бірінде болған 40 жастағы күдікті полицейлерді байқап, әдейі газ жіберіп, оны өртеп жіберген. Жарылыс қаупі жоғары болғанына қарамастан, тәртіп сақшылары батыл әрекет етіп, өз өмірін қатерге тігіп, ұстау операциясын аяғына дейін жеткізді", - делінген хабарламада.

Қазір күдікті медициналық мекеменің арнайы палатасында күзетпен жатыр. Қылмыстық іс қозғалып, қажет тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Өрт кезінде бес полиция қызметкері зардап шекті, олар ауруханаға жатқызылған.

Мән-жай
Кеше түнде Қарағанды облысының Шахтинск қаласында бес қабатты тұрғын үйде жарылыс болды. Құтқарушылар мен полицейлер жоғарғы қабаттардағы тұрғындарды эвакуациялап, олар үшін жылыту пунктін ұйымдастырды. 40 шаршы метр аумақта өрт шығып, кейін толық сөндірілді.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus