Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Куба АҚШ-тың ықтимал шабуылына дайындалып жатыр

Кубаның қарулы күштері АҚШ тарапынан ықтимал шабуылға дайындалып жатыр. Әлемде болып жатқан жағдайды ескере отырып, мұндай дайындықтың болмауы аңғалдық болар еді. Бұл туралы Куба сыртқы істер министрінің орынбасары Карлос Фернандес де Коссио мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі NBC News-ке сілтеме жасап.

"Біздің қарулы күштер әрқашан дайын, әрі қазір әскери шабуылға дайындалып жатыр", - деді де Коссио.

Оның айтуынша, Гавана АҚШ-пен мәселелерді бейбіт жолмен шешуге үміттенеді.

"Бұған ешқандай негіз таппай отырмыз".

Бұған дейін министрдің орынбасары Кубаға қарсы мұнай блокадасы АҚШ-тың аралға жасаған агрессиясының нәтижесі екенін айтқан. Ол бұл блокада "мәңгі жалғаса алмайтынын" атап өтті.

"Жағдай өте күрделі және біз оны еңсеру үшін барынша белсенді әрекет етіп жатырмыз. Біз отын кез келген жолмен Кубаға жеткізіледі деп үміттенеміз және АҚШ енгізген бұл бойкот мәңгі жалғаспайды деп сенеміз", - деді ол.

Наурыздың басында Дональд Трамп Ирандағы әскери операциядан кейін Кубаны үлкен өзгерістер күтіп тұрғанын мәлімдеген еді. Бұған дейін ол Куба үкіметі "жақын арада құлайды" және Ираннан кейін Куба АҚШ үшін "уақыт мәселесі" екенін айтқан.
Куба президенті Мигель Диас-Канель наурыз айында алғаш рет АҚШ президенті Дональд Трамп әкімшілігімен келіссөздер жүргізілгенін растады. Келіссөздерден кейін Диас-Канель АҚШ Кубаны күшпен үкіметті құлатумен күн сайын қорқытып отырғанын айтты.
The Wall Street Journal басылымы АҚШ әкімшілігі 2026 жылдың аяғына дейін Кубада билікті өзгертуді жоспарлап отырғанын хабарлады. Алайда АҚШ мемлекеттік хатшысы Марко Рубио бұл ақпаратты жалған деп атады.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus