Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Илон Маск жаңа жобаның іске қосылғанын хабарлады

Илон Маск микрочиптер өндіруге арналған Terafab жобасының іске қосылатынын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Бұл туралы кәсіпкер X әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды. Масктың айтуынша, жоба Tesla, xAI және SpaceX компанияларының қатысуымен жүзеге асырылады.

"SpaceXAI + Tesla TERAFAB жобасы. Мақсат - жылына бір триллион ватт есептеу қуатына жету", - деп жазды ол.

Оның пікірінше, жобаның қуаттарының басым бөлігі міндетті түрде ғарышта орналасуы тиіс.
Жоба туралы кейбір мәліметтер Tesla компаниясының X желісіндегі парақшасында жарияланған. Онда тарихтағы ең ірі микрочип өндірісі (жылына 1 ТВт-қа дейін - шамамен бір триллион ватт есептеу қуаты) салынатыны айтылған. Бұл өндіріс бір жерде логикалық чиптерді, жады микросхемаларын (деректерді сақтау үшін) және озық қаптау технологияларын біріктіреді.
Компания мәліметінше, Күн энергиясын барынша тиімді пайдалану үшін жыл сайын ғарышқа 100 миллион тоннаға дейін күн энергиясын жинау жүйелерін шығару қажет. Бұл үшін орасан ауқым керек: орбитаға миллиондаған тонна жүк шығару мүмкіндігі, күн энергиясымен жұмыс істейтін жасанды интеллекті бар спутниктер, сондай-ақ осы инфрақұрылымды құруға көмектесетін миллиондаған Tesla Optimus роботтары қажет.
Мұның барлығы микрочиптерді талап етеді: тек Optimus роботтарының өзі үшін 100–200 ГВт есептеу қуаты қажет болса, ал күн энергиясымен жұмыс істейтін ЖИ спутниктері үшін тератттар қажет болады.
Компанияның мәлімдеуінше, бұл көрсеткіштер әлемдегі барлық микрочип өндірушілерінің қазіргі және 2030 жылға дейінгі болжамды жиынтық қуатынан да асып түседі.

"Біз TERAFAB жобасын қазіргі чип өндірісі мүмкіндіктері мен болашақтағы сұраныс арасын жақындату үшін іске қосып жатырмыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus