Наурыз жыры, наурыз туралы өлеңдер - қазақтың тұрмыс-салт жырларының бір түрі. Наурыз парсы тілінде жаңа күн деген сөз. Бірсыпыра әдебиеттерде жаңа жыл басы (22 наурыз) бірде наурыз, бірде ұлыстың ұлы күні деп айтылады. Бұл күнді халық қуанышпен қарсы алып, оған өлең-жыр шығарған. Наурыз күні-мереке күні болып саналған. Бұл күндері айтылатын бата, тілек жырлары наурыз жырлары деп айтылған. Мерекеде әркім өзінің жақындарын: “ Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын” немесе “ Ұлыс бақты болсын, төрт түлік ақты болсын” деген сияқты тілектерін білдіріп, құттықтаған. Наурыз жайлы алғашқы деректерді зороастр дінің қасиетті кітабы саналатын “ Авестадан” табуға болады. Мұнда Хурмуза ( Ахуромозда) мен...