Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Талғардағы зорлау, кісі өлтіру және бала ұрлау ісі: басты айыпталушы 25 жылға сотталды

Алматы облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында атышулы іске қатысты үш айыпталушыға үкім шығарылды. Сот басты айыпталушыға 25 жыл бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады, - деп хабарлайды тілші Tengrinews.kz.
Мән-жайы
Еске сала кетейік, 6 қыркүйекте Талғар іргесіндегі Қызылқайрат ауылында ер адам екі кәмелетке толмаған сыбайласымен бірге жергілікті тұрғынды өлтіріп, оның екі жасар жиенін ұрлап әкеткен болатын. Кейін арнайы жасақ баланы босатып, анасына тапсырды, күдікті ұсталды.Қоғамдық резонанстан кейін баланың анасы бұған дейін айыпталушының зорлық-зомбылық жасағаны туралы полицияға хабарлағаны, бірақ ол кезде оның ұсталмағаны белгілі болды.

Сот үкімі
Жәбірленуші тараптың адвокаттары Жандос Палманов, Гаһхар Сәриева және Асылбек Әбдірайымовтың айтуынша, істің басты фигурантына қауіпсіздігі орташа мекемеде 25 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Олардың дерегінше, кәмелетке толмаған екі сыбайласы 9 жылға бас бостандығынан айырылды.

"Сот жәбірленушілердің азаматтық талап арыздарын ішінара қанағаттандырды. Басты айыпталушыдан марқұмның анасына, жұбайына және қарындасына 10 миллион теңгеден – барлығы 30 миллион теңге өндіріледі. Кәмелетке толмаған сыбайластарының әрқайсынан үш жәбірленушінің пайдасына 5 миллион теңгеден – әрбір сотталушыдан 15 миллион теңгеден өндіріледі", – деді адвокат Асылбек Әбдірайымов.

Бұған дейін прокурор басты айыпталушыны өмір бойына, ал кәмелетке толмаған екі сыбайласын 9 жылдан бас бостандығынан айыру жазасын сұраған болатын.
Сотталушыларға қандай айып тағылған еді?
Талғарда екі жасар қызды ұрлау, әйелді зорлау және ер адамды өлтіру деректері бойынша резонанс тудырған іс 2025 жылғы 4 желтоқсаннан бері жабық режимде қаралып жатыр.Іс бойынша үш күдікті: негізгі айыпталушы және кәмелетке толмаған екі сыбайласы. Негізгі күдікті – Е.-ге бірден 12 бап бойынша айып тағылған:

99-бап, 2-бөлік, 7-тармақ – "адам өлтіру (адамдар тобы болып)".125-бап, 3-бөлік, 2-1-тармақ – "кәмелетке толмағанды тарта отырып адам ұрлау".120-бап, 1-бөлік – "зорлау".121-бап, 1-бөлік – "жыныстық сипаттағы зорлық әрекеттері".190-бап, 3-бөлік, 4-тармақ – "адамдар тобы болып жасалған алаяқтық".147-бап, 5-бөлік – "жеке өмірге қолсұқпау құқығын бұзу (онлайн платформаларда жеке деректерді заңсыз тарату)".149-бап, 2-бөлік – "тұрғын үйге заңсыз кіру".115-бап – "адам өлтіремін деп қорқыту".287-бап, 3-бөлік – "қаруды заңсыз дайындау".288-бап, 1-бөлік – "қаруды заңсыз сақтау".200-бап, 1-бөлік – "ұрлау ниетінсіз көлікке заңсыз ие болу".132-бап, 4-бөлік – "кәмелетке толмағанды қылмысқа тарту".

Ал кәмелетке толмаған екі күдікті – А. және К. – екі эпизод бойынша айыпталды: адамдар тобы болып кісі өлтіру және бала ұрлау.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus