Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Қазақстанда көктемгі әскерге шақыру қашан басталады?

17 наурыздан бастап әкім орынбасарларының төрағалығымен қалалық және аудандық мерзімді әскери қызметке шақыру комиссиялары өз жұмысына кірісті. Осы көктемде қанша адамның әскер қатарына алынатыны туралы Қорғаныс министрлігі мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Ведомство мәліметінше, 30 маусымға дейін 18-27 жас аралығындағы 21 мыңнан аса азаматты Қарулы күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың қатарына шақыру жоспарланып отыр.

"11 мыңнан аса адам Қарулы күштерге, 7 мыңнан аса адам ІІМ Ұлттық ұланына, 2 мыңға жуық адам ҰҚК Шекара қызметіне, 400-ге жуық адам Төтенше жағдайлар министрлігіне, 300 адам Мемлекеттік күзет қызметіне шақырылады", – деді ҚР Қарулы күштері Бас штабы Ұйымдастыру-жұмылдыру жұмыстары департаментінің бастығы генерал-майор Алмас Исабеков.

Сондай-ақ ол азаматтарға шақыру SMS-хабарлама және eGov порталындағы хабарландырулар арқылы кемінде үш күн бұрын жіберілетінін еске салды. Мұндай хабарламалар ресми шақыру болып есептеледі. Шақырту алған азамат жергілікті әскери басқару органына немесе шақыру пунктіне келуге міндетті.
Дәлелді себепсіз келмеу заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Жағдайға байланысты азаматқа әкімшілік шаралар қолданылуы мүмкін, ал әскерден әдейі жалтарған жағдайда қылмыстық жауапкершілік.
Айта кетейік, бұған дейін Президент Тоқаев белгіленген мерзімін өтеген мерзімді әскери қызметшілерді запасқа шығару және 2026 жылдың наурыз-маусым, қыркүйек-желтоқсан айларында азаматтарды кезекті мерзімді әскери қызметке шақыру туралы жарлыққа қол қойған болатын.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus