Добавить новость


World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Иран Ормуз бұғазын ашу үшін шарттар қойды - БАҚ

Иран белгілі бір шарттар орындалған жағдайда Ормуз бұғазы арқылы кемелердің өтуіне рұқсат беруге дайын. Олардың қатарында санкциялардың кепілді түрде алынуы бар. Бұл туралы ирандық Tasnim агенттігі мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РБК-ға сілтеме жасап.

"Ормуз бұғазының жұмысын қайта жандандыру мүмкіндігі санкцияларды кепілді түрде алып тастау, америкалық базаларды жабу, бұғатталған (ирандық - еск.) активтерді босату және доллардан бөлек валюталармен сауданы дамыту сияқты алдын ала шарттарға байланысты", - делінген хабарламада.

Тегеран бұған дейін АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы операциясына қатыспаған елдердің кейбір кемелеріне Ормуз бұғазы арқылы өтуге рұқсат бергенін мәлімдеді.
Иран СІМ өкілі Исмаил Багаи бұғаз толық жабылмағанын, алайда кеме қатынасы белгілі бір шарттармен ғана жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Ол бұл шарттардың нақты мәнін ашып айтпады.
Бұған дейін жоғары лауазымды ирандық шенеунік CNN-ге Тегеран Ормуз бұғазы арқылы мұнай танкерлерін шектеулі түрде өткізу мүмкіндігін қарастырып жатқанын, бірақ олардың жүктері Қытай юані арқылы саудалануы тиіс екенін айтқан. Ислам революциясы сақшылары корпусы бұған дейін АҚШ пен Израиль елшілерін елден шығару бұғаз арқылы өтуді қалайтын мемлекеттердің кемелері үшін шарттардың бірі екенін мәлімдеген.
Ормуз бұғазы арқылы әлемдік мұнайдың шамамен 20 пайызы және сұйытылған табиғи газдың 30 пайызына дейінгі жеткізілімі өтеді. Сондықтан ол әлемдегі ең маңызды энергетикалық артериялардың бірі саналады.
Иран АҚШ пен Израиль оған қарсы әскери операция бастағаннан кейін Ормуз бұғазы арқылы кеме қатынасын іс жүзінде шектеген. Осы жағдай аясында әлемде энергия тасымалдаушылардың бағасы күрт өсті: әсіресе Парсы шығанағы елдерінен шығатын жанармай тиелген танкерлер тасымалды жүзеге асыра алмай отыр. Аймақтағы кейбір мұнай компаниялары форс-мажор жариялауға мәжбүр болды.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus