Добавить новость
World News in Kazakh


Новости сегодня

Новости от TheMoneytizer

Мемлекет басшысына референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы бойынша референдумның өтуіне орай шет мемлекеттердің басшылары мен халықаралық ұйымдардың жетекшілері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың атына құттықтау жеделхаттарын жолдады., деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ресей Президенті Владимир Путин Қазақстандағы конституциялық өзгерістер екі ел арасындағы одақтастық қатынастар мен жан-жақты стратегиялық серіктестікті одан әрі арттыруға септігін тигізетінін атап өтті.

— Жалпыхалықтық дауыс беру нәтижесі Сіздің мемлекеттік институттарды нығайту және елдің орнықты әлеуметтік-экономикалық ілгерілеуін қамтамасыз ету бағытындағы бастамаларыңыз кеңінен қолдау тапқанын толық растады, — деп жазылған жеделхатта.

Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев ауқымды саяси, әлеуметтік-экономикалық жаңғыру Жаңа Қазақстанның тұрақты дамуына ықпал етіп, халықаралық аренадағы абырой-беделін нығайтатынына сенім білдірді.

— Осы маңызды саяси науқанға азаматтардың белсенді қатысуынан, сондай-ақ референдум нәтижесінен Сіз жүргізіп жатқан реформаларды бауырлас елдің халқы жан-жақты қолдайтынын анық көреміз, — деп жазылған Өзбекстан басшысының жеделхатында.

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров Мемлекет басшысын референдумның табысты өтуімен құттықтап, екіжақты қатынастардың одан әрі қарқынды дами түсетініне сенімді екенін жеткізген.

— Бұл тарихи уақиға еліңізді одан әрі өркендетіп, халықтың әл-ауқатын арттыру жолындағы маңызды қадам болатыны сөзсіз. Сіздің жетекшілігіңізбен ынтымақ-бірлігі жарасқан Қазақстан келешекке қол созып, халықаралық беделін дәйекті түрде нығайтып келеді, — деп жазды Садыр Жапаров.

Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев саяси жүйені жаңғыртуды және басқару моделін жетілдіруді көздейтін Конституцияның қабылдануын Қазақстан тарихындағы жаңа кезеңнің бастауы ретінде сипаттаған. Оның пікірінше, бұл еліміздің серпінді дамуына және халықаралық аренадағы рөлінің күшеюіне оң септігін тигізеді.

Беларусь Президенті Александр Лукашенко Конституциядағы қағидаттардың іске асуы Қазақстанның гүлденуіне негіз қалайтынын атап өткен.

– Референдум нәтижесі Сіздің елді жаңғырту және мемлекеттілікті нығайту бағдарыңызға азаматтардың сенімі жоғары екенін тағы да дәлелдеді. Қоғамның Әділетті Қазақстанды құру, оның тұрақты дамуын қамтамасыз ету жолындағы ауызбіршілігін аңғартты, – деп жазылған жеделхатта.

Қазақстан Президентіне жылы лебізін Сербия Президенті Александр Вучич те жолдады.

– Еліңіздің шынайы әрі уақыт тезінен өткен досы ретінде Сіздің өршіл мақсат пен елеулі нәтижеге ұмтылатын әр қадамыңызды ықыласпен атап өтемін. Бұл – күрделі шешімдер қабылдауды, күнделікті және ұзақмерзімді міндеттерді табанды түрде орындауды қажет ететін үлкен жұмыс. Сонымен қатар тәжірибелі әрі парасатты көшбасшылардың қалай батыл шешім қабылдайтынын көрсетеді, – деп жазды Сербия Президенті.

Армения Премьер-министрі Никол Пашинян жеделхатта атап өткендей, жалпыхалықтық дауыс беру қорытындысы Қазақстан азаматтарының ел Тәуелсіздігі мен егемендігін сақтауға, заң үстемдік құратын бақуатты заманға сай қоғам құруға жауапкершілікпен қарайтынын байқатады.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаевқа құттықтау жеделхаттарын Шанхай ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Нұрлан Ермекбаев, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының бас хатшысы Сергей Лебедев, Түркі мемлекеттері ұйымының бас хатшысы Кубанычбек Өмірәлиев, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының бас хатшысы Таалатбек Масадыков, Экономикалық ынтымақтастық ұйымының бас хатшысы Асад Маджид Хан, Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңес төрағасы Бақытжан Сағынтаев және тағы басқалар жолдады.

Мемлекет басшысының атына құттықтау жеделхаттары әлі де келіп жатыр.

 

Сообщение Мемлекет басшысына референдум нәтижесіне орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті появились сначала на ZhambylNews АҚПАРАТ АГЕНТТІГІ - Жамбыл облысы жаңалықтары.

Читайте на сайте


Smi24.net — ежеминутные новости с ежедневным архивом. Только у нас — все главные новости дня без политической цензуры. Абсолютно все точки зрения, трезвая аналитика, цивилизованные споры и обсуждения без взаимных обвинений и оскорблений. Помните, что не у всех точка зрения совпадает с Вашей. Уважайте мнение других, даже если Вы отстаиваете свой взгляд и свою позицию. Мы не навязываем Вам своё видение, мы даём Вам срез событий дня без цензуры и без купюр. Новости, какие они есть —онлайн с поминутным архивом по всем городам и регионам России, Украины, Белоруссии и Абхазии. Smi24.net — живые новости в живом эфире! Быстрый поиск от Smi24.net — это не только возможность первым узнать, но и преимущество сообщить срочные новости мгновенно на любом языке мира и быть услышанным тут же. В любую минуту Вы можете добавить свою новость - здесь.




Новости от наших партнёров в Вашем городе

Ria.city
Музыкальные новости
Новости России
Экология в России и мире
Спорт в России и мире
Moscow.media










Топ новостей на этот час

Rss.plus