Қазақстандағы пітір садақа - 2026: бекітілген мөлшері және төлеу ережелері
"Осы себепті Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы пітір садақаның құнын есептеуде ұнның бағасын негізге алады", - деп түсіндірді ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Сансызбай Құрбанұлы.
Жағдайы жақсы адамдар садақаны жоғары бағамен, мысалы мейіз немесе құрма құны бойынша берсе, бұл сауаптырақ деп саналады.
Төменде садақаны есептеу мысалдары көрсетілген:
Өнім
Көлемі
Бағасы
Бидай2 келі318 теңге
Ұн2 келі735 теңге
Арпа4 келі514 теңге
Мейіз2 келі6400 теңге
Құрма4 келі12 400 теңге
Мүфтиятта шариғат бойынша садақаны өнім түрінде де, оның ақшалай баламасымен де төлеуге болатыны айтылды.2026 жылы садақаны қашан төлеу керек?"Қашан садақа береді және қашанға дейін беру керек" деген сұрақ көпті қызықтырады.
Пітір садақаны төлеу уақыты нақты көрсетілген:
садақаны Рамазан айының бірінші күнінен бастап беруге болады,негізгі міндетті уақыт – Ораза айт намазы оқылатын күн,ең дұрысы – Ораза айт намазы басталғанға дейін беру.
Егер садақа айт намазынан кейін берілсе, ол жай садақа ретінде есептеледі, бірақ міндетті пітір садақа болып саналмайды.
Кім және қалай садақа беруі керек?
Пітір садақа исламдағы міндетті қайырымдылықтың бір түрі. Оны негізгі өмірлік қажеттіліктеріне жететін қаражаты бар әрбір мұсылман төлеуі тиіс.Әдетте отбасы басшысы садақаны өзі үшін және асырауындағы адамдар үшін төлейді, оның ішінде:
жұбайы;балалары;асырауындағы ата-анасы үшін.
Исламда садақа қолдауға мұқтаж адамдарға беріледі. Құран Кәрімнің "Тәубе" сүресінің 60-аятында мұқтаж топтар көрсетілген:
кедей-кепшіктер,міскіндер,қарызға батқандар,
Алла жолында қызмет етіп жүргендер,жолда қалған жолаушылар.
Сонымен қатар пітір садақаны өз ата-анасына, балаларына, жұбайына, ата-әжесіне беруге болмайды.
Көбіне мұсылмандар садақаны мешітке тапсырады, кейін ол қаражат мұқтаж жандар арасында бөлінеді.
Садақаны онлайн төлеуге бола ма?
Иә, бүгінде онлайн садақа төлеу Қазақстанда әлде қайда жеңілдеген. Мешітке барудың қажеті жоқ, аударымды банк қосымшалары немесе мешіт сайттары арқылы небәрі бір минутта жасауға болады.
Садақаны онлайн қалай төлеуге болады:
Банк қосымшасын ашу.
"Төлемдер" бөліміне өту.Іздеу жолына "Мешіт" деп жазу немесе "Қайырымдылық" санатын ашу.Өз өңіріңіздегі мешітті таңдау.Қайырымдылық түрін (фитир, битир, пытыр садақа) және сомасын көрсету.
Аударымды "қайырымдылық" бөлімі бар банк сервистері арқылы жасауға болады.
Мұндай төлемдер үшін әдетте комиссия алынбайды, ал түбіртек операциялар тарихында сақталады.Ұқсас тақырыптар:
Ораза айт - 2026: қай күні тойланады және мерекенің мәні неде?
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!